Отрасли
Обсуждения
Новость
«Армысың, әз - Наурыз!»
№52 мектеп-гимназиясында өтетін
«Армысың, әз - Наурыз!»
мерекелік іс-шарасы
Күні: 20 наурыз, 2014ж, сағат 10.00
Орны: 1.2.3.4 - қабат
Мақсаты: Ұлттық жаңару мен жаңғыруымыз дамуға, ғылым-білімнің өрістеуіне үлес қосып, салтымызды - сана, дәстүрімізді – дәулет, ғұрпымызды – ғұмыр етуге, нәтижесінде түрі – ұлттық, мазмұны – өркениеттік негізге сәйкес байсалды жаңаға жол ашу.
№ |
Іс-шара |
Мерзімі |
Жауапты |
1 |
«Наурыз-2014» мерекесін қарсы алу барысын талдау |
10/03 |
Ұ.Байтасова Л. Аппазова Мектеп әкімшілігі |
2 |
«Наурыз» мерекесін тойлаудың жалпы сценарийін жасау |
10/03 |
Л. Аппазова |
2 |
Білім басқармасы, БАҚ өкілдері, қонақтар шақыру |
15/03
|
Л. Аппазова Г. Аубакирова Б.Смайлова |
3 |
1-қабат «Төрле, Ұлыстың ұлы күні!» |
20/03 |
Бастауыш сынып бірлестігі Дене шынықтыру |
4 |
2-қабат «Ұлыс оң болсын,қайда барсаң жол болсын!» |
20/03
|
Қазақ тілі бірл Орыс тілі бірл |
5 |
3-қабат «Халқын сүйген – салтын сүйер» |
20/03
|
Математика, физика-информатика, жаратылыстану бірлестіктері |
6 |
4-қабат «Күндей күліп көктемгі көңілдерің, қызғалдақтай құлпырсын өмірлерің!» |
20/03 |
Қоғамдық пәндер, Ағылшын,әсемдік бірлестіктері |
Тәрбие ісі орынбасары Л. Аппазова
1- Қабатта
«Төрле, Ұлыстың ұлы күні!»
Ақ құю: ерлер қолдарына күрек, кетпен, ал қыз-келіншектер құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады.
Гүлзат, Эльмира, Әсел, Аида, Жанар, Сандуғаш,(құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады)
Аманқос: «Бұлақ көрсең, көзін аш»
(деп қаумаласқан жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашады)
Қайрат ағай:«Бір тал кессең, он тал ек!»
Қайрат:«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын!»
(деген қариялар аулаға тал егеді)
Әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу етіп
Жанна:«Армысың, қайырымды Күн-Ана!»деп иіліп сәлем береді,
Қызғалдақ: «Кеудесі түкті Жер-Ана, құт дарыт, жарылқа!» деп ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді.
Сахнада домбыра, баян тартып, алтыбақан тепкен жастар жүреді. (Құстың сайраған даусы шығып тұрады).
Қайрат ағай:
Құтты болсын, жаңа жыл - Наурыз тойың,
Алыс – жақын қауышып, сойды қойын,
Құшақтасып, көрісіп бар ағайын,
Балалар мәз, жамырап ойнап ойын.
Кірген қонақтардың алдынан Баяр ағай, Қайрат ағай, Дариға апай, Рахима апай, Гүлбарам апай, Қаншайым апай шығып қонақтармен құшақтасып, қауышады.
Қонақтар жайғасып отырғаннан кейін. Екі қанаттан қолдарында жағылған шырақтары бар Жанат, Іңкәр, Кенже, Самал, Қызғалдақ, Нұрсұлу келеді.
Іңкәр:Жер-Ана, күш-қуат бере гөр, тәу-тәу!
Жанат:Атартаң, ақниетберегөр,тәу-тәу,
Пернегүл:Самал жел, жаңа леп бере гөр, тәу-тәу
Нұрсұлу:Аманды-саулық бере гөр тәу-тәу
Самал:Еліме тыныштық бере гөр, тәу-тәу
Мадина:Жер-Ана, жақсылық бере гөр тәу-тәу
Ән: Медина «Елге сәлем»
Нәрестенің даусы шығады.
Рахима: (күліп шығады) Балам Сырым ағаңның үйіндегі жеңгең ұл тапты!
-Бар, сүйінші сұра
Бала: Ата, апа! ---------- ағаның үйіндегі жеңгем ұл тапты, ат ұстар келді дүниеге, ат байлар келді. Сүйінші! , сүйінші!
(Баяр ағай Нұршат апай балаға сүйіншісін береді.
Дариға, Рахима, Қаншайым, Гүлбарам нәрестені алып шығады.)
Дариға апай: Болар ол ертең бір тұлға
Басы боп өмір көшінің
Жоралғы көп қой ұлтымда
Қояйық сәби есімін.
Дариға апай: Немереңіздің атын өзіңіз қойыңыз.
Баяр ағай: Немересін қолына алып, құлағына үш рет азан шақырып ат қояды.
(Немересін Нұршат апайдың қолына береді.)
Баяр ағай:Әнет бидей еліңнің ағасы бол,
Халқыңның Қазыбектей данасы бол.
Жер, суды жау қалмақтан қорғап қалған,
Бөгенбайдай жұртыңның панасы бол.
Ер Сырымдай халқыңның көсемі бол,
Тоқсан бидей үш жүздің шешені бол.
Керейде Белгібайдай білекті бол,
Беріште Исатайдай жүректі бол...»
Әже:Бесік жырын айтады.
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін...
2-қабатта
Тақырыбы: «Ұлыс оң болсын,қайда барсаң жол болсын!»
1 жүргізуші:
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
2 жүргізуші:
Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған.
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Төс қағыстыру, амандасу рәсімі.
Баян Р. : Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын...
Шолпан: Елімізде бейбітшілік болсын!
Жұмабике: Елім, жұртым аман болсын!
Бағжамал:Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Гүлдана : Барша үйге бақыт боп, береке боп,
Жанарынан нұр шашып күліп жүрсін.
(Қонақтарды төрге шығару.)
1 -жүргізуші:
Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Ән: Диана Үсенова «Наурыз»
2- жүргізуші:
Қазақ бабам халқына қазына етіп
Кең дастархан алдына тосқан екен
Өсіріп ен байлықты деген атам
«Береке мен бірлікті ұста бекем!»
(табақпен ас әкелінеді)
Айымгүл : Белкөтеру-бұл тоқсанға келіп толған қарияларға құрмет көрсету үшін арнайы даярланатын тағам. Оны көрші немесе жақын – жуық туыстары әзірлейді. Тағам астың ең дәмді, әл беретін түрлері ет, қазы, құрт, айран, қымыз, кеспе қосу арқылы дайындалады.
(Дастархан басындағы әңгіме)
Маржан: Әрбір Жаңа жылдың адамзатқа әкелер өзіндік жаңалығы , сый-сияпаты болады емес пе, ата? Жылқы жылының қадір-қасиеті жайында мына жиналған барша қонақтарға көрген-білгендеріңізді айтып отырсаңыз.
Оралғазы ағаның сөзі:
-Әлбетте, қарағым,- Егер Жаңа жыл иесі жылқы болса, онда туар жылдың жазы-ыстық, қысы – суық болады.
5 сыныптың ұл балалары сүйінші сұрап келеді.
-Сүйінші, сүйінші, сүйінші, уа аталар, әжелер. Оралғазы атамның келіні ұл туыпты. Сүйінші, сүйінші, сүйінші (отырғандар абдырап қалады)
Валя апай : Балалар, қалағандарыңды алыңдар Ұлыс күні не сұрасанда жарасады , балам.
Бала: Ата, бізге сүйіншіге қамшыңызды беріңізші.
Оралғазы ата: Айналайындар, алыңдар, алыңдар. (ата, төрде ілулі тұрған қамшысын алып береді.
Би: « Қазақ биі»
- Жүргізуші: Қазақта мынадай ырым бар: «Құтты қонақ келсе, қой егіз туады» деген бүгінгі дастарханымызға жиналған қауым сіздер құтты қонақ болдыңыздар.
Валя апай: «Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген . Немеремнің атын ауылымызға сыйлы, Шәмшия сен қой.
Немереңіз наурыз күні туды ғой атын Наурызбай қояйық.
Ән айтылады. (Отырғандар хормен айтады)
Барлық қонақтар Наурызға арналған дастарханнан дәм татып, Наурыз баталарын беріп, жаңа туған нәрестеге құтты болсын айтып тарқасады.
Аумин! – бата берейін, Жақсылықтытерейін. Жаңажылдажараңдар Үстемболсынмерейің! Жақсылыққа бас болып, Ауылымызда ас болып, КелгенНаурызқұтболсын! Жүгінелікақылға, Араздыққажолберіп, Отырмайықтақырға. Жерменбіргежаңарып,
3-қабатта
Тақырыбы : «Халқын сүйген- салтын сүйер».
Гүлбағила Үсеновна:
Амансыз ба? Ұлыс оң болсын!
Жанар апай:
Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!
Сәуле:
Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын!
Тілеулес:
Айдан аман, жылдан есен жеттіңіздер ме?
Индира:
Қош келдіңіздер!
Рая Мутановна:
Алас, алас,
Мың бір пәледен алас.
Жүз бір қатерден алас,
Көзі жаманның көзінен сақта.
Жер-Ана, күш-қуат бер
Атар таң, ақ ниет бере гөр.
Самал жел, жаңа леп бере гөр!
Маржанай (жүргізуші):
Салтымен ата-бабамның,
Жаңғырды қайта заманым.
Тіршілік басы – Наурызым,
Құтты болсын қадамың!
Құрметті қонақтар! Ұлыстың ұлы мерекесі – жаңа күн Наурызға біздің қош келдіңіздер!
Маржанай:
- Әумин, айтқаныңыз келсін!
- Бәрі:
Наурыз дастарқанынан дәм алыңыздар!
Маржанай:
Құрметті қонақтар! Сіздердің құрметтеріңізге дәстүр бойынша ауылдың алты аузын айталық .
Дедім- ай –ау
Айналайын қарағым, алтыным-ай
Ақ жүзіңді көргенде ,балқыдым-ай дедім-ай – ау.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды
Есен- аман жүрмісің, жарығым ай дедім-ай- ау.
Қ\сы :Алма ағаштың гүліндей ау,
Текеметтің түріндей ау.
Өсіп дәурен бара жатыр
Сіз бен бізге білінбей ау.
Алдар Көсе:
Армысыздар, халайық!
Бармысыздар халайық!
Алдармын, мен-көсемін
Айтар сөзге көсеммін.
Алдар сараң байлардың,
Айықтырған кеселін.
Алдауымда қайтсам да,
Қалжыңыңды қоймаймын.
Маржанай:Келесі тамашалайтындарыңыз «Шық бермес Шығайбай»ертегісі бойынша көрініс.
Шық бермес Шығайбай-Қантеев Қайрат,Алдар көсе –Шмат Серік
Маржанай:Ерте заманда, құйрығы келте заманда Шық бермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Қөңілі жай болыпты. Сол Шық бермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса, дәм бермейді екен. Тіпті тастан да қатты сараң, өзі тойса да, көзі тоймайтын адам екен. Үйіне кісі келсе оның жауабы:
Шық бермес Шығайбай: Шық, әй!
—Қайтсем де, қалай болса да Шығайбайдан дәм татам деген талайлардың тауы шағылған болады екен.
Алдар Көсе: Шық бермес Шығайбайды мырза бай етпесем Алдар деген атым құрысын, — деп, Алдар аттанады. Шықбермес Шығайбайдың елін іздеп сапар шегеді. Күн-түн жүреді. Ақырында елден іргесін аулақ салған, ен далада жалғыз үй қонған Шығайбайдың үйіне келеді.«Не істеп отыр екен бұл қу» деп, атын алысқа тұсап, өзі білдірмей келіп, жабықтан сығалайды. Сығаласа: Шығайбай қазы тіліп отыр екен. Бәйбіше нан илеп отыр екен. Тоқалы бас үйтіп отыр екен, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен.«Осыдан татпасам Алдар атым құрсын», — деп жылмаң етіп; — Кеш жарық! — деп кіріп барады.Бұлар да жылдам екен, Алдар «кеш …» дегенді айтып болғанша қолдарындағыларын жасыра-жасыра қойып, Шығайбай таспаны, бәйбіше ұр-шықты, қызы тігіліп жатқан көйлекті, тоқалы көсеуді қолдарына алып отырыса қалады, Түк білмегенсіп, қолдарындағы іспен болып отырғансып, жайбарақат бола қалады.«Әй, әбден-ақ әккістеніп алған екенсіндер, мызғымас қу екенсіңдер», — дейді Алдар ішінен. Амандасқансып, қол алысқансып, байға сүйкене барып төр алдына отырып алады.
Шық бермес Шығайбай: «Ай көсе екенсің, жұртты құртқан қу ма екенсің! Жүрісің жылмаң екен. Жырынды болған сұм ба екенсің! Қу болсаң да, сұм болсаң да менен дәм тата алмассың», — дейді бай ішінен.— Қайдан жүрген сұмсың? Қайда барасың? Не естіген-білгенің бар? —дейді бай Алдарға.
Алдар көтеріле түсіп, күлімдеп, желдірте жөнеледі.
Алдар Көсе: Көрген білгенім көп. Жолда келе жатып үл кен сары жылан көрдім. Жуандығы тап өзіңнің астындағы қазыдай.Артық-кем қып асырмай,
Шын айтқанда жасырмай:
Таспен ұрдым жіберіп,
Күң астындағы басындай.
Былыш етті иленіп,
Бәйбіше астындағы нанындай.
Өтірік болса сақал жұлынсын,
Қыз астындағы тырнадай.
Бәрін де осының көріп келдім,
Асыңды асшы ұрламай.
Осыны айтқаннан кейін бай:
Шоқ түссін тіліне! — деп, астындағы қазысын лақтырып тастайды.
Тілің кесілсін! — деп, бәйбіше астындағы нанын лақтырады.
Жағың қарыссын! — деп, тоқал басты лақтырады.
Ішің толсын, — деп, қызы тырнаны лақтырады.
Қазыңды аса бер бәйбіше, — дейді бай: «амал қайсы» деген пішінмен.
Бәйбіше қазанға ас салады да:
-Піс қазаным бес ай – дейді.
Отырайын он ай!— Кер тағының терісін келер жылы киермін, – деп төрге орнығып отырады.
Қазан түнімен қайнайды, бірақ түсірілмейді. Алдар отырады.
«Мынау кәпір қашан жатады» деп, үн жоқ қасарып бай да отырады.
Ақырында ұйқыдан шаршап шыдай алмай,
Шық бермес Шығайбай:
-Әй кемпір төсек сал, — дейді. Бәйбішесі төсек салады. Үй ішімен ұйықтаған кезде Алдар орнынан тұрып, қазандағы етті сүзіп алып, оның орнына тулақты турап салып қояды.
Бір уақытта бай тұрып бәйбішесін оятады.
Шық бермес Шығайбай:
-Мына ит ұйықтады білем. Түсір асыңды тез. Уақытымен асымызды жегізбеді-ау иті — деп сыбыр етеді.Бәйбіше қараңғыда асты түсіреді. Бай пышақты қолға алып жіберіп.
Шық бермес Шығайбай:
— Жат жігітім, жат! Сазайың осы! — деп, аузына бір кесегін асап жіберсе, тісі өтпейді.
— Етің не болып кеткен. Өңкей шандыр!—деп, қатынына ұрсады. Түйіліп қалып, май сұрайды.Ақыры Алдардан келгенін біліп, амалсыз аштан-аш жатады.Таңертең Шығайбай жолға кетпек, болып, бәйбішесіне қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер, — дейді.
Әйелі ошақта пісіп жатқан нанды оттан ала салып байдың қойнына тыға қояды, Мұны көре салып Алдар жүгіріп шығады да:
— Е, байеке! Енді будан бұлай жолығамыз ба, жоқ па? Ақтық рет қазақ дәстүрімен достарша көрісіп айрылысалық,— деп, бара сала байды құшақтайды. Оттан жаңа шыққан нан байдың кеудесін күйдіріп кетеді.
— Ау, жарайды енді! — деген сайын қаттырақ қыса түседі.
Шық бермес Шығайбай:
— Ау, мына ит жегірді ит жесін! Мә деп, қойнынан нанды лақтырып тастайды.
— Ә, байеке, ит жегенше мен жейін, — деп, Алдекең барып нанды қолына алады. Бай дүзге аш кетеді.
Бай екінші күні тағы жолға шығарда бәйбішесіне бір торсық айран құйғызып, оны, көрсетпей ішінен байлап алады. Бай енді шығуға ыңғайланғанда Алдар:
— Байеке, мен сіз келгенше жүретін шығармын амандасып қалайын дейді де, құшақтаса амандасқан болып торсықтың тұсынан қысады. Торсықтағы айран төгіліп Шығайбайдың мазасын кетіреді. Торсықты амалсыздан Алдарға беріп Шығай бұл жолы да аш кетеді.
Қөседен құтыла алмаған соң, бай Қөсенің атын сойып алмақ болады. Байдың мұнысын тағы естіп қойып, атына барады.
Атының қасында байдың да аты тұр екен. Өз атының маңдайындағы қасқасы болмаса, екеуінің ешбір айырмашылығы жоқ екен. «Маған ойлайтын зиян болса өзіне тисін» деп, өз атының қасқасына сыйырдың шикі боғын жағып, жоғалтады да, бай атының басына бор жағып, қасқа ат қылып қояды. Сөйтеді де, орнына келіп жатып ұйықтап қалады.
Алғашқы күнгі етті жеп қойған да Алдар екенін біледі. Біледі де ішін ыза кернеп: «Тура тұр , бәлем!» — дейді. Алдар ұйықтады-ау деген кезде сыртқа шығып, Алдардың атын жарып тастайды.
— Міне жігітім сазайың! — деп, өзінің істеген ісіне көңілі толып қуанып, төсегіне келіп жатып, ұйқыға кетеді.
Таңертең бай орнынан тұрып жатып, Алдарға айтады:
— Мына кемпір қасқа ат өліп жатыр дейді. Сенің атың болу керек жарылып қалған. Сорлы, атыңды бақпай қазан бағып жүрген не қылған адамсың! — деп қарқ-қарқ, күледі.
Алдар көсе:
— Қандай қасқа екен? Боқ қасқа болса менікі болар, бор қасқа болса сіздікі болар, — дейді,
Бай құдайдың ұрғанын біледі де, орнынан тура жүгіреді. Жүгіріп барса, айтқанындай өліп жатқан байдың бор қасқасы екен.
Шық бермес Шығайбай күйіп кетіп, Алдарға келіп:
— Жоғалт қараңды сұм! Мен сені енді көрмеймін, — деп шығып кетеді. Сыртқа шығысымен қатынына:
— Тез жөнелт, — дейді.
Бай анадай жерге шыққан кезде жақындап барып, Алдар:
— Етігім жыртылып шұлғауым шығып жүр, Бізіңді беріп кет дейді Байдың бергісі қелмейді. Алдар жабысып жібермейді: Ақыры болмаған соң:
— Ә, алсаң алшы, аңтұрған! Ал да қараңды жоғалтшы, кәпір — дейді.
жүгіріп келіп:Алдар «алғысты жаудырмалатып, күліп, қала береді. Бай кетісімен оның бәйбішесіне:
— Ал қызыңыз «Бізбикені киіндіріңіз, — дейді.
Бәйбіше:
— Е, не үшін?
Алдар көсе:
— Баймен келісіп, мен қызыңызды алып кететін болдым.
— Жоғал әрі, сұм! Саған қыз беретін бе еді бай, — дейді.
Алдар көсе:
— Әйтпесе өз құлағыңмен естіп қал деп, сыртқа шығып, көп жерге барып қалған байдың артынан айқайлайды:
— Әй, бай! Бізбикені бермей жатыр мына бәйбішең, — дейді.
Шық бермес Шығайбай:
— Әй, қатын! Бер бізді! Жоғалт сол кәпірдің көзін, — деп айқайлайды бай.
— Әні, естідің бе? — дейді Алдар қасында тұрған әйелге.
Бәйбіше:
— Мына кәрі ит алжыған ба өзі! Елді құртқан бір қуаяққа беріп құтырған ба? — деп, таң қалады әйелі.
Қатын-қалашқа бой берген Алдар ма? Анау-мынау дегенге көнбестен жасауын буып, қызды атқа мінгізеді.«Алдардың ойыны осылай болады» деп, еліне тартып отырады.
Жүргізуші (Маржанай):
Күттіріп келген жыл басы!
Бізбен бірге жырлашы,
Дастарқанға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы!
Жүргізуші (Маржанай):
Қыздар, жігіттер! Біздің «Қазына» аулымызға қош келдіңіздер! Сіздерден дәстүр бойынша қонақкәде сұрағалы отырмыз.
Ібікен Әйгерім ән айтады.
Серік:
Құтты болсын мереке – Наурыз тойымыз
Орындалсын бәріміздің ойымыз.
Той бола ма алтыбақан,
Көкпар, айтыссыз
Айтысалық, кәне, қыздар!
Бастайсың, қайсыңыз!
Қыз:
Наурыз – мерекем,
Артсын берекең.
Ал, жігіттер, тыңдайық
Қыздар не дер екен?
Жүргізуші:
Аналардың анасы Домалақ анамыз ортамызға келіп отыр. анамыздың тілегін тыңдайық!
Гүлбағила Үсенқызы: Жер- жаһанды сері самалға өткізіп, жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшылыран аямай төккізіп, қиындықтың бәрін келер жылға өткізіп, Самарқанның көк тасын ерітіп, тас күрекпен жер жүзін жібітіп, тас жүректерді мейірімімен үгітіп, жеті қат жер астына дейін балқытып, жыл құстарының әнін шалқытып, Жетісуға жасылдан көйлек кигізіп, Сарыарқаны Самал желге сүйгізіп, Алатаудың төбесінен көкке тигізіп, Қаратауға құт-берекені үйгізіп, жеттің бе, әз-Наурыз. Ақ бұлақтарды ақтарып, шың-құздарды шаттанып, тізбектеп тырмаларды, сүйгізіп сырғаларды, шаршытып балықтарды, шаршытып арықтарды тербелтіп наз қайыңдарды, төгілтіп жаз жайында әнді, қаздарды қаңқылдатып найзағай жарқылдатып, айтып ертегіңді, жайын желкеніңді, жеттің бе, әз-Наурыз жеткен кезде Наурызымыз жапан біткен жаңғырар,
Жер көгеріп, шөп қаулап, мерейін бір қандырар.
Күнге тосып арқасын жан-жануар албырар,
Аунап-қунап барлығы жерге түгін қалдырар,
Келе сала Наурызым жоқ нәрсені бар қылар.
Наурыз бата туралы Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі-осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға, тағы басқа өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді. Бата жалпы жұртшылыққа, көпшілікке, бүкіл қауымға, ауылға да беріледі. Мысалы: Өркенің өссін! Әр күннің Наурыз күніндей берекелі болсын! Ұлың- оңға, қызың қырға қонсын!
Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!
Айың тусын оңыңнан.
Жұлдызың тусын солыңнан,
Бақ берсін, Қыдыр дарысын!
Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Наурызда алған батаның орны бөлек. Мұндай батаны «Наурыз бата» деп дәріптейді.
Бейсенбек ағай:
Ұлыстың ұлы күнінде,
Ұлық оңға қонсын.
Қызың қырға қонсын,
Құлының тай болсын.
Көптің көңілі жай болсын.
Наурыз күні туғанда.
Бақ кеп қонсын қасыңа,
Жамбылдың жет жасына.
Қойың қоздап егізден,
Соғымың болсын семізден.
Баянды Алла бақ берсін,
Адалын берсін ақ берсін.
Атағың кетіп Алашқа
Астыңа алтын тақ берсін.
4 қабатта
Тақырыбы : «Күндей күліп көктемгі көңілдерің,
қызғалдақтай құлпырсын өмірлерің!»
Қысқаша реті:
- Сахнада әже мен немересі /музыкамен ұзату/
- Алтыбақанда қыз бала тербетіліп отырады / ән ойнап турады/
- Алтыбақан басындағы жастардың бастаңғысы/тіл қағысу, ойнап-қағытып сөйлеу, жігіттер жағы және қыздар жағы, ақсүйек ойналады, екі жас қалады, жастар назы айтылады, «селтеткізер» беріледі/
- Жүргізуші сөзі
- Екі жарылып тұру / қыз жағы, жігіт жағы/
- Асабаның сөзі
- Ауылды айналып екі бала / ағаш атқа мінген/ «Алақай, Төлеген ағам келіншек әкеліпті. Жеңешемді көруге барайық! Олар ана көшеде тұрады»
- Құдаларды қарсы алу, құдалар биі. «Құдалар» әні
- Екі жастың келуі, жігіт келу және қыз келеді
- Беташар басталады
- Шашу /Рауза Мергеновна/ шашылу, бата беріледі /Қазбек ағай/
- - той төріне, қонақтар ауыл –үйге отырғызады.
- « Құтты болсын әз- Наурыз!» ән-би/
- 2. Директор
- /құдағи қоржын ашылады, тойбастар тартылады/
17 Ән шашу
Көрнекілігі: Ұлттық киім киген ауыл адамдары, «Наурыз – жыл басы», екі жастың шаңырақ алаңы, кереге, шаңырақ, келген қонақтар түсетін ауыл үй, көрпе, сандық, кереге жабдықтары, дөңгелек үстел, дастархан мәзірі, алтыбақан, қазақы ошақ, самауыр, көгалды алаң, кілем-текеметтер
Немере: Әже, әже, наурыз тойын неге Әз-Наурыз дейсіз?
Әже: Е, балам – ай, наурыздың алғашқы үш күнінің ішінде жер-көкті жарып ерекше гуіл /дыбыс/ шығады екен. Оны қой мен қойшы ғана сезеді дейді. Бұл дыбыс барлық жаратылысқа жаңа күш, қуат, ерекше серпін берген. «Әз болмай, мәз болмайды» деген екен бұрынғылар. Айтпақшы балам бұл күндері тырнақ, шаш алуға болмайды, өйткені әлгіндей асыл қасиеттер жойылып кетеді деп ырымдаған.Бері келші! Немересін тізесіне алып, кекілін сипап әндетеді /әндетеді, Алма ағаштың гүліндей-ау... айтып қабағын шытып, бір күрсініп алады. /
Әже: Бес күн жалған дүниенің де қадірін білмейміз. Іргедегі Жастар ауылында тұратын Зейнептен кешірім сұрап қайтайын, жүрші балам, екеуміз Зейнеп апаңның үйіне барып қайтайық
Немере: Әже, Зейнеп апама дайындаған белкөтерерді мен ала барайын
Әже: Жүр айналайын, барып келейік..
Жүргізуші Сағат:
Жылына қайта туып жаңардың да,
Толғанттың талайларды ар алдында,
Араға 11 ай уақыт салып,
Наурыз, еліме аман – есен оралдың ба?
Бағыма көктемменнен еніп едің,
Іздедім шуағыңнан көңіл емін
Бір мезгіл жоғалғаным табылғандай,
Шаттанды шашуыңнан төңірегім
Екі жарылып тұру / қыз жағы, жігіт жағы/
Асаба Сөзі: Ал, енді ардақты ағайын қазақтың салт-дәстүрі бойынша келін жақтан келіп отырған құда- құдағиларды қошеметпен қарсы алайық.
«Құдалар» әні және биі және шашу шашылады/
Ауылды айналып екі бала / ағаш атқа мінген, шауып өтеді/ «Алақай, Төлеген ағам келіншек әкеліпті, Алақай, Төлеген ағам келіншек әкеліпті, Олар ана көшеде тұрады»
Асаба: Ассалаумағалейкум, ардақты ағайындар, бүгінгі ұлыстың ұлы күнінде шаңырақ құрып, өмір табалдырығын жаңадан аттап жатқан екі жасты орнымыздан тұрып, мойнымызды бұрып, шапалағымызды ұрып, ортаға шақырайық.
-/жігіттің келуі/ Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер – азамат Төлегенді қарсы алайық..
/қыздың келуі, Қыз Жібек енді келгенше, келін боп үйге енгенше, даяр етіп қоялық салдырып сарай өзгеше..Құрметті қонақтар, кешегі қыз Жібектей қасына 40 қыз ерткен қос абысынымен келе жатқан Зейнегүлдей келіндеріңізді қарсы алыңыздар!
- Екі жасты беташар алаңына шақырайық!
- Бет ашу рәсімі. /кірген қонақтардың аты аталады/
- Бата беріледі. Шашу шашылады
«Той жыры» әнімен той төріне шығарып салу және келген қонақтарды дастарханға жайғастыру.
Ән шашу. /« Құтты болсын әз- Наурыз!» ән-би/
- Ұлыстың ұлы күні және екі жастың құрметіне алғашқы ақ тілек беріледі.
Келін қолынан шәй ішу. Дастархан басында келін қолынан шәй ішу, құдағи қоржын ашылады, тойбастар тартылады/
- Келінге, ақ дастарханға бата беру
Ән шашу