Отрасли
Обсуждения
Новость

Қалалық математикалық «Зерде» олимпиадасының қорытындысы
28-29 наурыз 2014 жылы Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде
ІІ қалалық математикалық «Зерде» олимпиадасы өтті. Бұл олимпиадаға қала мектептерінің қазақша оқытылатын 4-5 сынып оқушыларынан математикалық білімі үздік оқушылар қатысты.
28-29 наурыз 2014 жылы Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде
ІІ қалалық математикалық «Зерде» олимпиадасы өтті. Бұл олимпиадаға қала мектептерінің қазақша оқытылатын 4-5 сынып оқушыларынан математикалық білімі үздік оқушылар қатысты.
Олимпиаданы өткізудегі мақсат – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау,олимпида резервін қалыптастыру.
Олимпиаданың міндеттері:
- математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру;
- қабілеті жоғары балаларды анықтау және интеллектуалды дамыған оқушыларды ынталандыру;
- оқушылардың математикалық ұғымдарды ауызша талдауын, өз ойын сауатты жеткізе білуге үйрету;
- дарынды балаларды қолдауға қажетті жағдай туғызу, жастар арасында ғылым негіздерін терең меңгеру,ғылыммен болашақта айналысуға бағыт беру;
- математикалық пәндерді тереңдете оқытатын сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы.
Олимпиада ережесіне сай зияткерлік жарыс 2 күн 3 кезеңде өткізілді. Бірінші күні қатысушылар 20 сұрақтан тұратын тест жұмысын жасады. Тест негізінен математикалық дағдыға құрылды. 20 сұрақтың 16-сы тест түрінде болып, 4 сұрақ сөзді есеп түрінде берілді. Бұл кезеңге 311 оқушы қатысты: 4-сынып 193 , 5-сынып 127 оқушы қатысты. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпайға есептелінді. Бірінші жазбаша кезең қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай 12 ұпай (Бақтыбай Ермухан №69 гимназия), 11 ұпай Абайханова Аяулым ( №59 мектеп-лицей), Умирбекова Альбина (№2 гимназия) , Ускенбаева Аида (№15 мектеп), Оразбекова Арайлым (№19 мектеп), Сұлтанмұратова Күнсұлу (№69 гимназия) болды.
Олимпиаданың екінші ауызша кезеңіне 45 оқушы өткізілді. 25 оқушы 4-сыныптан, 20-оқушы 5-сыныптан, «Зерде» мектебінің 15 оқушысы конкурстан тыс қатысты. Екінші кезеңге бірінші кезеңнен 9-12 ұпай жинаған оқушылар кіргізілді. Екінші кезеңде қатысушылар «қорытындыға дейінгі кезеңде» 5 есеп, «қорытынды кезеңінде» 3 есеп шығарды . Әр шығарған есебін әділ қазылар алдында ауызша қорғады. Екінші кезеңнің есептері толық математикалық логикаға құрылды. «Қорытындыға дейінгі кезеңнің» 5-сынып 3 есебін, 4-сынып 2 есебін шығарған оқушылар «қорытынды кезеңге» өтіп, бұл кезеңнің 3 есебін 2 сағатта шығарды. Жалпы олимпиаданың бұл кезеңінде оқушының нақты потенциалы көрінеді, оқушы есепті дәлелдейді, өзіндік пікірін айтады.
Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған оқушылар ОҒПО «Астана дарыны» Дипломдарымен марапатталды.Олимпиада жеңімпаздары Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне түсуде басымдылық құқыққа ие болды.
|
|||||||||
№ |
Оқушының аты-жөні |
мектеп |
сынып |
ұпай |
нәтиже |
||||
1 |
Рахимбаев Темірлан |
№9 Зерде |
5 |
|
|
7 |
1-орын |
||
2 |
Абдыгалиев Жандос |
№9 Зерде |
5 |
|
|
7 |
1-орын |
||
3 |
Абайханова Аяулым |
№59 |
5 |
11 |
ІІ к өтті |
6 |
1-орын |
||
4 |
Серикжанов Әділжан |
№9 Зерде |
5 |
|
|
6 |
1-орын |
||
5 |
Мухсинова Лейла |
№9 Зерде |
5 |
|
|
5 |
2-орын |
||
6 |
Қырқынбай Айдос |
№9 Зерде |
5 |
|
|
4 |
2-орын |
||
7 |
Какешова Аружан |
№9 Зерде |
5 |
|
|
4 |
2-орын |
||
8 |
Умирбекова Альбина |
№2 гимназия |
5 |
11 |
ІІ к өтті |
3 |
3-орын |
||
9 |
Бекетов Мереке |
№29 орта мектеп |
5 |
10 |
ІІ к өтті |
3 |
3-орын |
||
10 |
Тұрғынбаев Батырбек |
№8 орта мектеп |
5 |
9 |
ІІ к өтті |
3 |
3-орын |
||
11 |
Болатжанова Шолпан |
№9 Зерде |
5 |
|
|
3 |
3-орын |
||
12 |
Болат Жаннұр |
№9 Зерде |
5 |
|
|
3 |
3-орын |
|
|||||||||
№ |
Оқушының аты-жөні |
мектеп |
сынып |
ұпай |
нәтиже |
|
|
||
1 |
Мұрат Данияр |
№54 |
4 |
10 |
ІІ к өтті |
4 |
1-орын |
||
2 |
Тлеубекова Ақкербез |
№70 МЛ |
4 |
9 |
ІІ к өтті |
4 |
1-орын |
||
3 |
Бурханова Дильназ |
№24 орта мектеп |
4 |
10 |
ІІ к өтті |
3 |
1-орын |
||
4 |
Женіс Абай |
№51 |
4 |
9 |
ІІ к өтті |
3 |
1-орын |
||
5 |
Асқар Айдана |
№70 |
4 |
11 |
ІІ к өтті |
2 |
2-орын |
||
6 |
Тоқсанбай Абылқаир |
№70 |
4 |
10 |
ІІ к өтті |
2 |
2-орын |
||
7 |
Бейсенбекова Зейнеп |
№69 гимназия |
4 |
9 |
ІІ к өтті |
2 |
2-орын |
||
8 |
Амиртаев Нуртай |
№38 |
4 |
9 |
ІІ к өтті |
2 |
2-орын |
||
9 |
Нүркенұлы Бексұлтан |
№70 МЛ |
4 |
9 |
ІІ к өтті |
2 |
2-орын |
||
10 |
Исенова Наргиза |
Қарағанды |
4 |
9 |
ІІ к өтті |
2 |
2-орын |
||
11 |
Оразбекова Арайлым |
№19 |
4 |
11 |
ІІ к өтті |
1 |
3-орын |
||
12 |
Султанмуратова Күнсұлу |
№69 гимназия |
4 |
10 |
ІІ к өтті |
1 |
3-орын |
||
13 |
Мурзагали Томирис |
№66 МЛ |
4 |
9 |
ІІ к өтті |
1 |
3-орын |
||
14 |
Ерлан ұлы Нұржан |
№57 |
4 |
9 |
ІІ к өтті |
1 |
3-орын |
||
15 |
Жолдыбаев Санжар |
№37 |
4 |
9 |
ІІ к өтті |
1 |
3-орын |
||
16 |
Дихан Раушан |
№18 |
4 |
9 |
ІІ к өтті |
1 |
3-орын |
||
17 |
Мұхамбек Ділнұр |
№48МЛ |
4 |
9 |
ІІ к өтті |
1 |
3-орын |
Ұйымдастыру комитеті