Отрасли
Обсуждения
Новость

Дарынды және талантты балалар
Бүгінгі педагогика ғылымында дарынды ұстаздан дарынды балаға қол жеткізу аса өзекті. Бұл орайда өткен тәжірибеден сабақ ала отырып, заман талабына сай зияткер, шығармашыл, сыни көзқарасы дамыған, парасатты пайымы бар ұрпақ қалыптастырып, дамыту - көп ізденісті, жан-жақты ойластыруды қажет ететін көкейтесті мәселе.
Бүгінгі педагогика ғылымында дарынды ұстаздан дарынды балаға қол жеткізу аса өзекті. Бұл орайда өткен т әжірибеден сабақ ала отырып, заман талабына сай зияткер, шығармашыл, сыни көзқарасы дамыған, парасатты пайымы бар ұрпақ қалыптастырып, дамыту - көп ізденісті, жан-жақты ойластыруды қажет ететін көкейтесті мәселе. Осыған сәйкес Астана қаласы Ж.Жабаев атындағы 4 мектеп-гимназиясының ұстаздар қауымы осы мәселе төңірегінде өз тәжірибелерін ортаға салып, оқушы дарындылығына жол ашып, жеке тұлға ретінде қалыптастыруда өзіндік ізденіс танытуда. Бұған дәлел ретінде 31.03.2014 ж. кезекті әдістемелік кеңестегі жоғары санатты физика пәнінің ұстазы Уазырханов Мейрамбек Кеңесханұлының «Дарынды және талантты балалармен жұмыс» тақырыбындағы коучингін атап көрсетуге болады. Уазырханов М.К. коучингте аталмыш тақырыпқа сай мына мәселелер бойынша, ғалымдар пікірлерін саралай келе, мағлұмат берді: дарын мен талант ұғымдарына түсінік,балалар дарындылығын сыртқы белгілері арқылы анықтау(А.И.Доровский бойынша),балалардың жас ерекшеліктеріне (ерте балалық шақ /1-3жас/, мектепке дейінгі кезең/4-6жас/, мектеп кезеңі/7-18жас/, ересек кезең /18жастан кейін/) сәйкес дарындылық белгілері,дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар,дарынды және талантты балаларды анықтау, дарынды және талантты балалармен жұмыс т.б. Қазіргі уақыттағы қазақтың жас дарындары бейнебаяны көрсетілді. Уазырханов М.К. осыларға хабарлама бере отыра, өз іс-тәжірибесімен алмасты, әдістемелік кеңестегі мұғалімдер арасынан он ұстазды іріктеп, оларға осы ұғымдарға өзіндік түсінік беріп, дәлелдеуді, өзіндік тәжірибемен бөлісуді талап етті. Іріктелген ұстаздар ыждаһаттылықпен берілген тапсырмаларға жауап беріп, пікірталасқа ат салысты, мектептегі дарынды оқушылардың есімдері аталып, олармен жұмыс түрлерін жүргізу жоспарланды. Мектептің ғылыми қоғамындағы үйірме жұмыстарын ұйымдастыру, мектебіміздің мақтанышы болатын жас дарындарға көмек көрсету, ата-аналарымен қарым-қатынас жасау керектігі туралы сөз қозғалды. Алдағы уақытта тәжірибелі ұстаздар мен жас мамандарды үйлестіре дарындылыққа жол ашу мәселесі күн тәртібіне қойылды.
Жалпы айтқанда, бүгінгі әдістемелік кеңес өзінің алдына қойған мақсатына жете білді деп айтуға болады. Бұл орайда ұстаздарға шығармашылық табыс пен қажырлы еңбек тілейміз.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
X