Отрасли
Обсуждения
Новость
Армысың, әз-Наурыз!
Сыныбы: 2 «Ә» Сынып жетекшісі: Калмурзина Г.К. 19.03.2014.ж.
Мақсаты: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.

Наурыз - шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жаяды. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.
Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» - деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.