Отрасли
Обсуждения
Новость

«Студенттер сессиядан сессияға дейін көңілді өмір сүреді» атты КТК
2014 жылғы 01 сәуірде М. Тынышпаев атындағы Қаз ККА Ақмола колледжінде «Студенттер сессиядан сессияға дейін көңілді өмір сүреді» КТК қалалық байқауы өткізілді.
2014 жылғы 01 сәуірде М. Тынышпаев атындағы Қаз ККА Ақмола колледжінде «Студенттер сессиядан сессияға дейін көңілді өмір сүреді» КТК қалалық байқауы өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаттары мен міндеттері:
* Студенттердің шығармашылық деңгейін арттыру;
* Талантты, дарынды жастарды анықтау және қолдау;
* Жастардың қарым-қатынасын арттыру үшін жағдайлар жасау;
* ТжКБ студенттері арасында достық қарым-қатынасты дамыту және қолдау жұмыстары үшін жағдай жасау;
* Жастардың демалысын ұйымдастыру.
Байқауды ұйымдастырушылар Астана қаласының білім басқармасы мен М. Тынышпаев атындағы Қаз ККА Ақмола колледжі болып табылды. Байқауға Астана қаласының он бестен астам колледждерінің командалары қатысты. Олардың ішінде көпке танымал Республикалық лига, Жоғары лига мен Премьер-лига командалары да бар. Байқау қазақ және орыс тілдерінде «Студенттер сессиядан сессияға дейін көңілді өмір сүреді» тақырыбына өтті. Байқау бағдарламасында: сәлемдесу – музыкалық-әзілдік, салауатты өмір салты туралы патриоттық ұрандары мен үндеулерімен; жамбы ату – бес жаңалық оқылды.
КТК, шынында да, студент жастардың өзін өзі таныту, өзін өзі жетілдіру және белсенді азаматтық тұғырын қалыптастыруға ерекше ықпал ететін ойын түрі. Сондықтан бүгінгі күнде КТК қатысушылары мен көрермендерінің аудиториясы кең.
Ойын қорытындысы бойынша «Көпбейінді колледж» командасы «9 мамыр», 1 орын –М.Тынышпаев ат.ҚазККА Ақмола колледжінің «Теміржол тарландары жастары» командасы, 2-орын «Жеті жұлдыз» командасы Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі, 3-орын Д.Қонаев атындағы Университет колледжінің «Д.Қонаев құрамасы» командасы.