Отрасли
Обсуждения
Новость
«Мемлекеттік тіл-болашақтың кілті»
28.03.2014 жылы «Мемлекеттік тіл-болашақтың кілті» тақырыбында ғылыми-әдістемелік кеңес өткізілді. Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері туралы баяндамалар оқылып, мұғалімдер іс-тәжірбиелерімен бөлісті. Қазақ тілімен әдебиеті мұғалімі Қасымханова Зура «Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері» туралы баяндама жасап, әріптестеріне өз іс-тәжірбиесінде қолданатын тапсырмалар жүйесін ұсынды.

Директордың ғылыми-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Әйгерім Тауасарқызы «Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін ойын арқылы қалыптастыру» тақырыбында жасаған баяндамасында мәтінді меңгертуде ойын түрлерін қоланудың тиімділігін көрсете білді. Ойын әрекетінің ойын – сауық, коммуникативтік немесе қарым-қатынастық, диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану), коррекциялық (өзін-өзі түзету), әлеуметтендіру қызметтеріне тоқталып, оның талаптары және оқу-тәрбие үдерісіне кіргізілетін ойындардың жалпы ерекшіліктері мен ойын арқылы оқушы нені меңгеретіні туралы айтты. Тәжірибелік бөлімде «Сыйлық» тақырыбындағы сабақ үлгісін ұсынып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Мұғалімдермен “Сиқырлы тақия”, “Шатасқан сөйлемдер”, «Ойлан, тап», «Ізгі тілек», “Сақина салу ”, «Кім жылдам?» ойындары ойналды.