Отрасли
Обсуждения
Новость

Ақмаржан
№ 2 мектеп-гимназиясының «Ақмаржан» хореографиялық би тобы 2014 жылдың 25-27 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен YIII Халықаралық балалар шығармашылық «Ақ көгершін» фестиваль байқауына қатысып III дәрежелі дипломаттары иегерлері болды. Жас шығармашылық би тобы биыл бірінші рет тұсауын кесіп «Шаттық» байқауына қатысты. Мектепішілік іс-шараларда да өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көңілінен шығып жүр. Осы топтың жетекшісі Қ.Р. еңбегі сіңірген артісі Мұрат Қуанышбек ағайымызға және балалар ата-аналарына алғысымызды айтып, болашақта «Ақмаржан» би тобы биіктен көрінсін, қанаттары талмай самғай берсін деген тілек білдіреміз.