Отрасли
Обсуждения
Новость

Сан доданы топ жарған Ұстаз бен Ұлан
Сан доданы топ жарған Ұстаз бен Ұлан
Жасампаз елдің жастарына әркез сеніммен қарайтын Елбасы: «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады», - деген еді. Оның «Өмір бойы білім алу» қағидаты әр ұрпақтың ұранына айналуы тиіс. Өйткені адам үнемі ізденісте болады, білімділікке талпынады, даналыққа жол ашады. Осындай талапты шәкірттерімізге бағыт-бағдар беріп, ерен еңбегінің арқасында жеңісін көріп жүрген мектебіміздің жас маманы, химия пәнінің мұғалімі Нұрсапа Нұрбай өзінің шәкірті Сейфуллин Бақдәулетпен көптеген тартысты додаларда топ жарып келеді. Атап айтсақ, жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиадада химия пәнінен І орын иеленіп, Республикалық кезеңде ІІІ орынды иеленді. Ұстаз бен шәкірттің талмас ізденістерінің арқасында жылда дәстүрлі өтетін олимпиадада қоржындары бос қайтпаған.

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта да өз мәнін жойған емес. Елордада өркениетті қоғам дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосар деген ұстаздар үмітін арқалаған, білімді, қабілетті және де тәрбиелі оқушыларымыздың бірі – Сейфуллин Бақдәулет. «Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, оқушылардың білім-білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты күнде мектебіміздің мақтанышы Бақдәулет өзінің білімімен мойындата білді.
Жастығыңды ізденуге арнаңыз,
Білімдарлық танытыңыз, талмаңыз.
Асуларын білімнің бағындырып,
Өрлей бер, өркендей бер самғаңыз!
Ендеше, Ұстаз бен Ұланға шалқар шабыт пен биік белестерді бағындыруына тілек білдіреміз.