Отрасли
Обсуждения
Новость

11 сынып оқушыларымен тренинг сабақ өтті
11 сынып оқушыларымен «Тұран -Астана» университетінің магистр оқытушылары ҰБТ-ға оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау тренинг сабағын өткізді.
11 сынып оқушыларымен «Тұран -Астана» университетінің магистр оқытушылары ҰБТ-ға оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау тренинг сабағын өткізді.
Мақсаты: оқушылардың ҰБТ-ге психологиялық даярлығын қалыптастыру.
«Стресті жеңу жолдары» тақырыбындағы тренинг сабақ 3 сағатқа созылды. Университеттің магистр оқытушылары К.Базарбаева, А. Атынбекова, Ж. Бекбосынова жаттығу барысында оқушылардың күш қуатын арттырды. Оқушылар ішкі резерв мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін-өзі бақылауды дамытты. Тренинг сабақтан оқушылар мобильдік тез қабылдағыштық, жоғары дәрежедегі зейінді шоғырландыруды үйренді. Ең маңыздысы ҰБТ жайында ой қалыптастырды.
Тренингтен алған әсерлерін оқушылар бір – бірімен ортаға салып, пікір алмасты.




