Отрасли
Обсуждения
Новость

Мамандықты насихаттау
Астана қаласының Білім басқармасы Жастар саясаты басқармасымен бірлесіп «Жұмыс күші – Қазақстан экономикасының локомотиві» тақырыбында жұмысшы мамандықтарды насихаттау
Астана қаласының Білім басқармасы Жастар саясаты басқармасымен бірлесіп «Жұмыс күші – Қазақстан экономикасының локомотиві» тақырыбында жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатында қала мектептерінің 9-10 сынып оқушылары үшін 2014 жылғы сәуірдің 2-17 аралығында қала кәсіпорындарына экскурсия ұйымдастырды.Аталған іс-шара негізінде 03.04. 2014ж. мектебімізден 25 оқушы «Целинная фабрика деликатесов» ЖШС-не экскурсияға барды.
![]() |
Оқушылар қала әкімдігінен арнайы бөлінген автобуспен «Целинная фабрика деликатесов» ЖШС-не уақытында жетті.
![]() |
ЖШС қызметкерлері оқушыларды жылы қабақпен қарсы алып, мекеме бөлімдерін аралатты.
![]() |
Оқушылар жұмысшылардың жұмыс сәтін бақылап, өздері де жұмысшылар қызметін атқаруға мүмкіндік алды.
![]() |
- Бәрін көзбен көрген керемет екен, осындай жұмыс процесін теледидардан көрген болатынмын, дегенмен нақ қасында тұрып бақылаудан басқаша әсер аласың,- дейді 9 «В» сынып оқушысы Тоқсанбек Индира.
![]() |
«Целинная фабрика деликатесов» ЖШС-не жасаған таным жорықтан оқушылар жақсы әсермен оралды. Көрген-білген, көкейге түйгендері туралы қызу пікірлесіп, ой бөлісті.
![]() |