Отрасли
Обсуждения
Новость

"Цифрлік Бум"-2014
2014 жылғы 27-28 наурызда Алматы қ. «№134 лицейде» «Цифрлік Бум -2014» IV Аймақтық жастардың IT- фестивалі өтті.
2014 жылғы 27-28 наурызда Алматы қ.«№134 лицейде» «Цифрлік Бум -2014» IV Аймақтық жастардың IT- фестивалі өтті.
ІТ –фестивалінің негізгі мақсаттары:
- оқушылардың ақпараттық технологияларда өз білімдерін көрсету мүмкіндігі, оқу-танымдылық, ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда шығармашылық мүмкіндіктерін көрсету;
- ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың қазіргі заманғы дүниетанымдылығын қалыптастыру;
- білім беру үрдісінде, тәрбие, тұлғаны дамытуда, кәсіптік бағдарлануда ақпараттық технология рөлін арттыру;
- ақпараттық технология саласында дағдыларын жетілдіру;
- мектепте ақпараттық-технология бейінді енгізу бойынша жұмысты белсендіру.
Фестивальда келесі байқаулар өткізілді:
- Олимпиада
- КТК
- Жобалар форумы
- Суреттер байқауы
- Пресс-орталығының жұмысы
№3 МГ командасы фестиваль қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындарға ие болды:
- 9 «Г» сынып оқушысы Зенькова Татьяна 3 орын, «Пайдаланушы» олимпиадасының абсолютті жүлдегері
- «Гормоны» КТК командасы 3 орын. 10 «Б» сынып оқушылары Стручков Владислав, Сыздыкова Айнур, Ягмурова Елизавета, Рыспаев Султан, Сатурин Рауан, Потлова Жанна.
- 10 «Б» сынып оқушысы Стручков Владислав жобалар байқауында 2 орын
- 10 «Б» сынып оқушысы Шаймурат Садуакас жобалар байқауында 3 орын