Отрасли
Обсуждения
Новость

Талап пен талантты ұштастырған жас Толқын
Астана қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы № 70 мектеп-лицейде «Талантты ұстаз-дарынды балаларға» атты жас педагогтар олимпиадасын өткізді. Кәсіби деңгейі жоғары шығармашыл жас маманды анықтауды, орта білім беруді дамытудың жаңа идеялары мен концепцияларын қарастыруды, сондай-ақ мұғалімнің қоғамдағы оң имиджін қалыптастыруды мақсат еткен байқауға елордадағы он бес білім ошағынан он бес жас маман қатысты.

Тартысты өткен шараның нәтижесінде еңбек өтілі үш жылды құрайтын мектебіміздің жас маманы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бейсекова Толқын Батырбайқызы өз шеберлігімен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Аз уақыттың ішінде жас маман өзінің жан-жақты белсенді ұйымдастырушылығымен, сыныптан тыс шараларды қазіргі талапқа сай тәрбиелік, көшбасшылық мақсатта ұйымдастырумен ерекшеленеді.
ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру шеңберіндегі Педагогикалық олимпиаданы өткізудің негізгі идеясы – білім беру үрдісіне қазіргі заманғы технологиялар мен әдістемелерді енгізу, халықаралық тәжірибелерді қазақстандық білім беру жүйесіне енгізу, жастарды патриоттық рухта, адамгершілікке, ұлтаралық келісім мен төзімділікке, рухани даму мен заңды сыйлауға тәрбиелеу.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты - кәсіби педагогикалық білім беру мен педагогикалық мамандықтың маңыздылығын арттыру, осы мамандықты таңдаған талантты жастарды анықтау.
Педагогтар додасының «Өзін-өзі таныстыру» аталымында үміткерлер өздері жайында кеңінен мағлұмат беріп, жан-жақты талантты қырларын көрсетті. «Менің ашқан жаңалықтарым» деп аталатын екінші кезеңде қатысушылар өз зерттеу жұмыстарын қорғап, жаңалықтарының маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды.
Толқын Батырбайқызына шығармашылық табыс, талмас талант тілей отырып, әлі талай асуларды бағындыратынына кәміл сенім артамыз.