Отрасли
Обсуждения
Новость
«Құм мандалаларын жасау» атты ашық оқу іс-әрекеті өтті
Астана қаласы Білім басқармасының балабақша психологтарының тәжірибелік шараларын жүргізу жоспарына сәйкес, 24 ақпанда № 45 «Самұрық» балабақшасының психологы Рахымжанова Алма «Құм мандалаларын жасау» атты ашық оқу іс-әрекетін көрсетті.
Астана қаласы Білім басқармасының балабақша психологтарының тәжірибелік шараларын жүргізу жоспарына сәйкес, 24 ақпанда № 45 «Самұрық» балабақшасының психологы Рахымжанова Алма «Құм мандалаларын жасау» атты ашық оқу іс-әрекетін көрсетті.
Семинарға Білім басқармасының әдіскері Амерханова А.Ш., модераторлар Шонтыбаева А.Н, Төлеген А.О. қатысты.
Мақсаты: балалардыішкі жай күйді реттей білуге үйрету; топтағы қарым-қатынас дағды-ларын жетілдіру, ағзаның ішкі ресурстарын жұмылдыру арқылы іштей ширығудың алдын алуға, болдырмауға дағдыландыру. Өзгенің сезімімен санасуға, еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекеті барысында психолог Алма Рахымжанова құм терапиясының балаларда зейіннің, есте сақтаудың ырықтылығына әсеріне, шығармашылық ойлауға баса назар аударды. Маманның қосымша сұрақтары нәтижесінде балалардағы іштей ширығу деңгейі төмендеп, бір-біріне қарым-қатынасы жақсарды. Құм мандалаларын жасау арқылы балалардың өз әрекеті, өз сезімдері жайлы әңгімелеуге ынтасы артты. Топтағы жағымды психологиялық ахуал іс-әрекет соңындағы рефлексия барысында айқын көрінді. Балалар жұмыс барысындағы көңіл-күйлерін суреттер (смайликтер) арқылы бейнелеп көрсетті.
Семинар барысында педагог-психологтар өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, кіріктірілген панорамалық сабақ та көрсетті.
Семинар соңындапедагог-психологтар дөңгелек үстел аясында өз пікірлерімен бөлісті.