Отрасли
Сообщества
Новость
«Бейіндік оқытуды ұйымдастырудағы психологиялық көмек» қалалық семинары өтті
15.01.2014 жыл. Қатысқаны: 22 МП
Өткен орны: № 54 мектеп-лицей
Ұйымдастырушылар: Бірмағанбетова Ә.Ә., Стамкулова Қ.Ш.
Мақсаты: Қазіргі таңдағы білім мазмұнының негізгі өзегі- қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай - ақ, қоғам пайдасына қарай өзін – өзі толық жүзеге асыруға дайын, білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамытудағы психологиялық жұмыстардың маңызын анықтау.
Бағдарламада:
- Теориялық бөлім;
- Бейіндік сыныптардағы оқушылардың «МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ - МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ» жоба қорғау;
- Практикалық бөлім;
- Рефлексия.
Теориялық бөлім бойынша кәсіби өзін табу бағдарына әсер ететін факторлар, Адам және мамандық, мамандықтардың адамға қоятын талабы, мамандық пен темпераменттің үйлесімділігі секілді бөлімдерге толық тоқталып, мағлұматтар берілді, жүргізілген жұмыстар бойынша мысалдар келтірілді.
Берілген теорияны практикамен шыңдау мақсатында бейіндік сыныптардағы оқушылардың «МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ - МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ» тақырыбында дайындаған жобалары қорғалды.
Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, жүрек қалауына сүйену керек. Осыған сай жоба мына бағыттар бойынша қорғалды:
- Өз қалауы бойынша;
- Династиялық мамандық;
- Ата-ананың қалауы бойынша;
- Жалақысы көп мамандық.
Жоба қорғауға қатысқандар: 9-11 сынып оқушылары.