Отрасли
Обсуждения
Новость

Астана қаласы психологтарының қалалық семинары өтті
2014 жылдың 12 ақпанында №69 мектеп-гимназиясында Білім басқармасының әдіскері Амерханова А.Ш, заңгер Абдыкалыкова М.Ж, модератор Ахметова А.Б қатысуымен педагог-психологтар мен мұғалімдердің кәсіби өзіндік білімін жетілдіру, тәжірибе алмасу мақсатында мектеп психологтарына қалалық ашық сабақ ұйымдастырылды. Аталған шараға қала мектептерінің психологтары және №69 МГ мұғалімдері қатысты.
2014 жылдың 12 ақпанында №69 мектеп-гимназиясында Білім басқармасының әдіскері Амерханова А.Ш, заңгер Абдыкалыкова М.Ж, модератор Ахметова А.Б қатысуымен педагог-психологтар мен мұғалімдердің кәсіби өзіндік білімін жетілдіру, тәжірибе алмасу мақсатында мектеп психологтарына қалалық ашық сабақ ұйымдастырылды. Аталған шараға қала мектептерінің психологтары және №69 МГ мұғалімдері қатысты.
Ашық сабақ барысында №69 МГ педагог-психологі Омарова Шолпан Сембаевна 10-сынып оқушыларымен «Бақыт сыры» тақырыбында психологиялық аралас сабағын өткізді.
Сабақтың біліктілік мақсаты «Бақыт» құндылығы туралы ұғымдарын тереңдету, шығармашылықпен жұмыс істеу әдісі.
Дамытушылық мақсаты: Бақытты сезіне білуге, біреуге сыйлай білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: оқушылардың өз ойларын жеткізе білуге ықпал жасау, адамгершілік құндылықтарды ескеру.
Сабақ 4 бөлімнен тұрды.
I-бөлім. Психологиялық дайындық
Мақсаты: Балалардың зейінін шоғырландыру.
«Жан»есімді қыз туралы аңыз әңгімеден және Бақытын іздеп жүрген жігіт туралы сахналық көрініс арқылы психологиялық дайындықпен басталды. Психолог сабақта ұйымдастырушы-көмекші рөлінде атқарды, тапсырмалар мен сұрақтар беріп отырды, бағыттап, түзетіп, кеңестер мен ұсыныстар беріп отырды.
II- бөлім. Топпен жұмыс
Мақсаты: Топпен жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа үйрету
Оқушылар түрлі- түсті фигуралар алу арқылы 3 орталыққа бөлініп, бірлесіп жұмыс істеді. Олар «Ойлау орталығы», «Зерттеу орталығы», «Өнер орталығы». Әр орталық өздерінің аттарына сай жұмыс істей білді.
Ойлау орталығы – бақытқа барар жолды анықтап берсе,
Зерттеу орталығы – бақытқа жеткен адамды зерттеді.
Өнер орталығы – бақытқа барар жолды сурет арқылы жеткізді.
Оқушылардың ой, қиялы ұштасып тақырыпты кеңінен ашып берді.
III- бөлім. Шығармашылық жұмыс.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық арқылы ой- қиялын, логикалық ойлауын дамыту.
Сынып 5 топқа бөлініп тақырыптық тапсырмалар берілді.
Барлық топ шығармашылық жұмыстары аяқталғаннан кейін үлкен таза ватманға өз тапсырмаларын жапсыру арқылы бақыт елі бейнесін жасап шығарды.
IV- көңіл- күй картасы арқылы өз әсерлерімен бөлісті.
Балалармен жұмыста жаңашылдық, стандартты емес жұмыс түрлері ерекше аталып өтті. Балалар өздерін еркін ұстай біледі, пікірлерін ашық айтады, өз-өздеріне сенімді. Сабақтың ұтымдылығы педагог-психолог маманның оқушыларды өз бетімен ойлай білуге жетелеп, интеллектуалды белсенділіктерін дамытуда болды. Сабақты талдау барысында әріптестер өз пікірлерімен бөлісіп, өздеріне көп әсер алғанын айта отырып, сабақты өте жоғары деңгейде бағалады.