Отрасли
Обсуждения
Новость

Білім негізі- бастауышта
Білім негізі- бастауышта
Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін,тапқырлығын,жылдамдығын,танымдық белсенділігін арттыру, пәнге деген қызығушылығын ояту, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Білім негізі- бастауышта
Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін,тапқырлығын,жылдамдығын,танымдық белсенділігін арттыру, пәнге деген қызығушылығын ояту, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу
.02- 06.03 аралығында өткен «Білім негізі- бастауышта» атты бастауыш сыныптары онкүндігінің
Анықтамасы
бастауыш сыныптар онкүндігі болып өтті.
Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін,тапқырлығын, жылдамдығын, танымдық белсенділігін арттыру, пәнге деген қызығушылығын ояту, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Алдын- ала жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жұмыс жоспарында әрбір сынып жетекшісі бір- бір ашық сабақ және сыныптан тыс тәрбие сағатын, сайыс сабақтарын өткізу жоспарланды. Жоспарда бас- аяғы 22 ашық сабақ, тәрбие сағаттары өткізілді. Жоспарлау барысында бастауыш сыныптарына қатысты барлық пәндер қамтылды. Атап айтар болсақ негізгі пәндермен қоса дене шынықтыру, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, өзін- өзі тану пәндері.
24- ақпан күні «Білім негізі- бастауышта» атты бастауыш сыныптар онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатына жауапты мұғалімдер Сарсенова Ұ.Л. мен Кемпірбаева Г.Н. Бұл мұғалімдер ашылу салтанатын «Дымбілмес пен Білгішпек» ертегісі желісінде кейіпкерлерін енгізіп жоспар құрылды. Ұйымдастырылған іс- шарада әндер, билер, сөзжұмбақтар, пәндік сұрақтар қойылып тартымды әрі қызықты өтті.
25- ақпан күні 1- сынып оқушылары арасында «Бәрін білгім келеді» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Интеллектуалдық ойын жоспары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қызықты етіп құрылған. Әрбір сыныптан үш оқушыдан қатысты. Нәтижесінде 1 «А» сынып оқушылары жеңіске жетті. Барлық сынып оқушылары да арнайы дипломмен марапатталды.
Осы онкүндікте ерекше сабақтарды атап өтер болсақ М.Б. Досболованың 2- сыныптар арасында өткізген «Толағай» эстафеталық сайысы. Бұл сайысқа мұғалім тыңғылықты дайындықпен келген, арнайы «Қазақстан спортшылары» тақырыбында слайд дайындалған, әрбір сыныптан бес оқушыдан қатысты, оқушылар белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Оларға әрбір орын үшін дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды. Ж.Ж. Қонысбаеваның 3 «В» сыныбында факультатив бойынша өткен «Логика әлемі» сабағы, бұл сабақта оқушылар топпен жұмыс жасады, сабақ құрылымы жақсы құрылған, тапсырмалары қызықты, көрнекіліктері тартымды етіп жасалған. Бағалау түрі де ерекше болды, дұрыс жауап берген топтарға арнайы түрлі- түсті доптар беріліп отырды. Г.А. Шораеваның 3 «Ә» сыныбында математика пәні бойынша өткен «Өткенді пысықтау» тақырыбы, бұл сабақ алдын өткен сыныптан тыс тәрбие сағатына қарағанда жүйелі түрде өткізілді. Оқушылардың тәртібі де қолға алынған, оқушылар тәжге ие болу үшін сабаққа белсене қатысты. Сабақ жинақы етіп өткізілді. А.А. Тапенованың 4 «В» сыныбында өткізген «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» сайыс сабағы, сайыс сабақ өз деңгейінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған. Сыныптан алты оқушы алдын- ала тест арқылы іріктеліп алынды, сайыс сабақ үш бөлімнен құрылды, бірінші бөлімде оқушылар арнайы ұяшық таңдап сол бойынша ұпайлар жинады, екінші бөлімде ұпайы аз оқушы ойыннан шығып отырды. Жеңімпаз Мұхтарбекұлы Аман атанды. 4- сыныптардың бірлесе өткізген «Анашым, ән арнаймын өзіңе» атты тәрбие сағаты, тәрбие сағатына 4- сыныптың ұлдары ғана қатыстырылды. Сынып қыздары мен аналарымыз қонақ ретінде қатысты. Әрбір сыныптың ұлдары өз өнерлерін ортаға салды, әр сыныптан бір- бір жүргізуші ортаға шығып жоспар бойынша сыныптарды жариялап отырды.
6- наурыз күні «Білім негізі- бастауышта» атты онкүндіктің жабылу салтанаты өтті. Жабылу салтанатына жауапты мұғалімдер Шораева Г.А. мен Қонысбаева Ж.Ж. жабылу салтанатында онкүндік аясында сайыстарда жүлделі орынға ие болған сыныптар, оқушылар марапатталды.
Қорыта келгенде сабақты ұйымдастыру барысында оқушылардың қызығушылығын арттыратындай жаңа технологияларды қолдану, көрнекіліктерді заман талабына сай етіп жасау және интерактивті тақтаны тек слайд көрсету мақсатында қолданбай сабақ барысында оқушылардың да тақтамен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру жүйелі түрде жүргізілу ұсынылды.
ӘБ жетекшісі: Құрманалиева Ф.Ә.