Отрасли
Новость
«Мектеп және отбасының ынтымақтасқан жұмыс түрлері» бағдарламасы бойынша білім беру мекемелері психологтарымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысының есебі
2013 жылдың 9 қазан күні №30 МГ мәжіліс залында Астана қаласының Білім басқармасы әдістемелік кабинеті мен Отбасылық Тәрбиелеу институтының бірлесіп ұйымдастыруымен білім мекемелері психологтарына дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің тақырыбы «Мектеп және отбасының ынтымақтасқан жұмыс түрлері»
2013 жылдың 9 қазан күні №30 МГ мәжіліс залында Астана қаласының Білім басқармасы әдістемелік кабинеті мен Отбасылық Тәрбиелеу институтының бірлесіп ұйымдастыруымен білім мекемелері психологтарына дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің тақырыбы «Мектеп және отбасының ынтымақтасқан жұмыс түрлері»
Астана қаласындағы Отбасылық Тәрбиелеу институты жанындағы Отбасылық тәрбиелеу мектебінің директоры Өмірова А.О. аталған тақырыпта келелі мәселелер қозғап, ақпараттар берді. Сөз соңында Қазақстанда алғаш рет аталып өткен «Отбасы күніне» орайластырып өткізілген акцияға белсенді қатысқан педагог-психологтарға Отбасылық Тәрбиелеу институты мен Білім басқармасының бірлескен алғыс хаттарын салтанатты түрде табыстады.
Келесі кезекте дөңгелек үстел барысында №70 МЛ педагог-психологі А.Т. Тасанованың осы тақырыптағы іс-тәжірибесі көрсетіліп психологтар назарына ұсынылды.
Сонымен қатар № 37 «Арман» балабақшасының психологі Шэ Ирина көпшіліктің назарына «Арттерапия білім беру процесіндегі инновациялық технология ретінде» тақырыбындағы тәжірибесін ұсынды.
Дөңгелек үстелдің теориялық бөлімінде қаланың педагог-психологтары отбасымен ынтымақтаса жұмыс істеудің түрлерімен танысып, ұсыныстар мен нұсқаулықтар алды. Мектеп және отбасының бірлескен жұмыстарының құрылымы, бағыты және бағамдары белгіленді.
Практикалық бөлімінде тақырыпқа байланысты проблемалық жағдаяттар, рөлдік ойындар, тренинг түрлері көрсетіліп, педагог-психологтармен өткізілді. Нәтижесінде дөңгелек үстелге қатысушылар тәжірибе алмасу, көкейдегі сұрақтарына жауап алу және әдістемелік ұсыныстар алуға мүмкіндік алды. Отбасымен ынтымақтаса жұмыс істеудің қыр-сырына қанықты.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың тізімі қоса беріледі.