Отрасли
Обсуждения
Новость

«Байқоңыр – ғарыш айлағы»
Апталық саптүзеу Тақырып: «Байқоңыр – ғарыш айлағы»
Тақырыбы: «Байқоңыр – ғарыш айлағы»
№52 мектеп – гимназиясында аптаның әр дүйсенбісінде сағат 14.00. 5-7 сыныптар бойынша саптүзеу өткізіледі.
07/04-2014 ж. 12 сәуір – «Ғарыш күніне» орай «Байқоңыр – ғарыш айлағы» атты сап түзеу өтті. Мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да қатыгез екпініне қайыспай шыдас беруі арқылы «Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі – «ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген балалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұланының барып қайтуы.»Саптүзеудің бірінші бөлімінде ҚР мемлекетінің Туына тіктеліп, Әнұран орындалып, әрі қарай екінші бөлімде оқушылар Байқоныр жайлы мағлұмат беріп, өз өнерлерін көрсетті. Саптүзеуді тәрбие ісі орынбасары Л.С. Аппазова қорытындылады.
Саптүзеуден көріністер![]() |
![]() |