Отрасли
Обсуждения
Новость

Халықаралық ғылыми жобалар сайысы
Нағыз білімділер бас қосқан «Ғылым әлемін ашамыз!» атты ғарышты зерттеу XX халықаралық ғылыми жобаларсайысы өз мәресіне жетті. Сәуір айының 4–5 аралығында өткен ғылыми жобалар сайысы жылдағыдай Байқоңыр қаласында өте жоғары деңгейде өтті. Халықаралық додаға жалпы 600 сайыскер қатысты. Астана қаласының өзінен 110 оқушы аттанып, 20-сы жүлделі орынмен оралды. Солардың ішінде мектебіміздің мақтанышы, 11 «Б» сыныбының бетке ұстар оқушысы, Ізтілеу Гүлсезім ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, мектебіміздің ғана емес, бүкіл қаламыздың мерейін үстем етті. Екі жыл бойы ізденіп, бар ынтасымен дайындаған жобасы өз жемісін берді. Осы кезде Абай Құнанбаевтың «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген сөздері еріксіз ойыңа келеді. «Ғарыштық аппараттарда электрреактивтік қозғалтқыштарды қолдану жолдарын зерттеу» тақырыбын жан-жақты талқылап, өзіндік жаңалықтарымен, қызықты ойларымен ерекшеленді. Ғылыми жетекшісі Есенәлі Серікжан – ғарыштық технология және технология кафедрасының аға оқытушысы. Ал жоба жетекшісі - мектебіміздің физика пәнінің жоғарғы санаттағы мұғалімі Бақжанова Назым Сламбекқызы. Гүлсезім бұл жобамен бірнеше жыл айналысып, үлкен жеңістерге жете білді. Атап айтсақ, 21-28 маусым аралығында “Дарын” Республикалық ғылыми-практикалық орталығы жанындағы аэроғарыштық кәсіптік мектебінде болып, оқу-жаттығу жұмыстарына қатысып, РН “Союз-2,1б” с КА “Ресурс-П” ғарыштық зымырандардың ұшырылуына қатысып, сертификатқа ие болды. Байқоңыр ғарыш айлағы және халықаралық ғарыш мектебіндегі өткен ғарыштық моделдеу , яғни, парашют арқылы модельдеу S-3-B ракета қозғалысының байқауында ІІІ орын алып, дипломмен марапатталды.Осылайша жылдар бойы жинаған білімінің арқасында жүлделілер қатарынан көрініп, мектебіміздің үкілеп артқан үмітін абыроймен ақтап шықты. Гүлсезімге алдағы уақыттарда да үлкен биіктерден көрініп, ата-анаңды қуантып жүре бер дегім келеді. Әрқашан жеңіс тұғырынан көрінуіңе тілектеспін!
Абдуәлі Айдана
11 «Б» сынып оқушысы