Отрасли
Обсуждения
Новость

13 мүшел жас
4.04.2014 6 «Б» сыныбында «13 мүшел жас» тақырыбында танымдық сабағы өтті.
Бұл іс-шараны ұйымдастырған 6 «Б» сынып жетекшісі Назарбекова Т.М және кітапханашы Айтмағанбетова С.М. «13 мүшел жас» танымдық сағатына 6 «А», 6 «Ә», 6 «В», 6 «Ғ» сынып оқушылары және сынып жетекшілер, ата-аналар қатысты.
Сабақ барысында алғашқы мүшел 13 жас екені, 12 жылда бір мүшел жас саналатыны туралы толық мағлұмат берілді. Укуметова Дильназдың әжесі мүшел жас туралы өзінің өміріндегі қызықты оқиғасымен бөлісті. 6 «Б» сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Бірі би билеп, бірі ән салса, енді бірі көңілді тапқырлар клубынан үзінді көрсетіп, көрермендерді бір серпілтіп тастады. Санжар, Ғабид, Аян, Ерик спорттан да жемісті екенін танытып, «Қазақша күрес» амалдарын көрсетті. Сәуір айында туылған оқушылармен ойын ұйымдастырылды. Ата-аналармен сұрақ-жауап арқылы «мүшел жас» туралы мағлұмат толықтырылды. Іс-шараны жүргізгендер Мырзабек Инжу және Аманжолова Аружан.