Отрасли
Обсуждения
Новость

Біз таза қаланы қолдаймыз!!!
Астана қаласы №49 орта мектебінің оқушылары үстіміздегі жылдың 7 сәуірі мен 7 мамыры аралығында өтетін жалпы республикалық экологиялық-санитарлық айлық барысындағы 2014 жылдың 11 сәуір күні «Жасыл автобус» қалалық акциясына қатысты.
Астана қаласы №49 орта мектебінің оқушылары үстіміздегі жылдың 7 сәуірі мен 7 мамыры аралығында өтетін жалпы республикалық экологиялық-санитарлық айлық барысындағы 2014 жылдың 11 сәуір күні «Жасыл автобус» қалалық акциясына қатысты. Акция Жеңіс даңғылында орналасқан Өнер академиясы жанында өтті. Оқушылар барлық қала тұрғындарына 19 сәуір күні өтетін жалпы қалалық сенбілікке шақыратын үндеу парақшаларын таратып, өздерінің Елордамыз Астананың тазалығын сақтауда алдарына жан салмайтын егеменді елінің, еңселі Елордасының нағыз патриоттары екенін танытты.