Отрасли
Обсуждения
Новость

Сенбілік ұйымшылдықпен өтті...
2014жылдың сәуірдің 12 күні №49 орта мектебінде экологиялық-санитарлық айлық аясында сенбілік өткізілді. Сенбілікте мектеп айналасын тазарту жұмысы жүргізілді.
2014жылдың сәуірдің 12 күні №49 орта мектебінде экологиялық-санитарлық айлық аясында сенбілік өткізілді. Сенбілікте мектеп айналасын тазарту жұмысы жүргізілді. Оқушыларымыз мектепті тазалауда жоғарғы белсенділік көрсетті.
Сенбілікке екі ауысым оқушылары, мектеп ұжымы тартылды.
І ауысымда оқитын сыныптар үшін 13.00-15.00, ІІ ауысымда оқитын сыныптар үшін 09.00-12.00 сағат аралығында жүргізілді.
Сенбілікке қатысушыларға қажетті еңбек құралдарымен (қолғап,қап,күрек, сыпырғыш, тырма) қамтамасыз етілді.
Мектеп ауласындағы қоқыстар, ағаш жапырақтарының қалдықтары тазартылып, арнайы қаптармен көше бойында белгіленген жерге шығарылып қойылды. Сенбілік жұмыстарына мектеп әкімшілігінен жауапты болып директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.А. Разиева, педагог-ұйымдастырушы Б.Ж. Лекерова бекітіліп, мектеп директоры Д.М. Джумартованың басшылығымен өткізілді.
Сенбілікке мектеп ұжымы, мұғалімдері, оқушылары толығымен қатысты.Оқушылар барлық қала тұрғындарына 19 сәуір күні өтетін жалпы қалалық сенбілікке шақыратын үндеу парақшаларын таратты.