Дене тәрбиесі мен спорт жалпы тәрбие мәселесінің бөлінбес бөлігі бола отырып,оқушылардың бойында мықты денсаулықпен қатар алғырлықты, асқан табандылық пен ерік күшін қалыптастырады, шыдамдылыққа баулып, еңбекке деген қабілеттілікті арттырады.Оқушылардың төзімді,қайратты болып өсуіне спорттың айрықша маңызы зор. Қалалық волейболдан "Ынта "мектеп лига жарысында №24 орта мектеп қыздар командасы ІІІ-орынды жеңіп алды.Бағалы сыйлықтармен грамота және медальдармен марапаталды