Отрасли
Обсуждения
Новость

«Экологиялық айлық» аясында жалпы мектептік сенбілік өтті.
2014 жылдың 12 сәуірінде Астана қаласы №51 мектеп-гимназиясында «Экологиялық айлық» аясында жалпы мектептік сенбілік өтті. Жоспарға сай аталған шараға 2-11 сыныптар мен мектеп ұстаздары қатыстырылды.
Жоспарланған 410 адамның 379 қатысты. Қалғандары белгілі себептермен қатыса алмады. Сенбілік таңғы 10.00-де басталып, сағат 12.00-де аяқталды. Ауа-райы температурасының төмендігіне байланысты балалар үйлеріне ерте қайтарылды.
Бастауыш буын оқушылары, 5 сынып оқушылары мен ұстаздары, техникалық қызметкерлер мектеп ғимаратының ішінде тазалық күнін ұйымдастырды. 6-10 сынып оқушылары мектеп ауласын тазарту жұмыстарына қатыстырылды. Оқушылар мен ұстаздар мектеп ауласындағы қоқыстарды теріп, тазалап, жердегі қураған жапырақ қалдықтарын тырмамен тырмалап, қоқысқа үйіп тастады. 5-7 сынып оқушылары сенбілікке өте белсенді қатысты. Соның ішінде атап кететін сыныптар: 6 «А», 6 «Б», 6 «В», 6 «Г», 7 «Ә», 7 «Б», 7 «Г» сыныптары.
Сонымен қатар мектебіміздің ІІ ауысым 5-7 сыныптар арасындағы «Жас Ұлан» ұйымының басшысы Тауыбалды Ақмаралдың бастауымен ұйым белсенділері мен І ауысым 8-11 сыныптар арасындағы мектеп президенті Исламов Бейбарыстың бастауымен «Өзін өзі басқару ұйымының» белсенді мүшелері сенбілікті жүйелі, ұйымшыл түрде өткізуге көмек берді.
Әр топқа белгілі бір жер учаскесі бөлінді және мектеп ауласының 1 метр аралықтағы жиегі де қоқыстан тазартылды.