Отрасли
Обсуждения
Новость

«Міржақып»
Біздің мектеп ұстаздары таяуда Ғ. Орманов атындағы Қостанай облыстық драма театрының «Міржақып» қойылымын қала тұрғындарымен бірге тамашалады. Өскелең ұрпақтың мақтаныш сезімін қалыптастыруда Алаш жолын таңдаған ұжым Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 орта мектеп атануға еңбектенуде...
Осы орайда, Алаш көсемдерінің бірі Міржақып Дулатұлы туралы театрлық қойылымды көру арқылы тарихымыздағы ерекеше кезеңдегі ұлтжанды, намысты, білімді, қазақ халқының рухын көтеруші Ахмет Байтұрсынұлымен, Міржақып Дулатұлымен бірге болғандай әсер алдық. Кеңестік жүйе қанша қысқанымен (Голощекин бейнесі арқылы ұтымды берілген), даттап, соттаса даАлаш қайраткерлерінің рухын, сағын сындыра алмады. Тәуелсіздік алған Қазақстан тұсында Алаш зиялылары айтқан, «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай және күшті болуымыз керек», «Оян, қазақ» идеялары әлі де өзінің көкейкестілігін жойған жоқ.
Мектеп директоры Ш. Қ.Жакенбай театр ұжымына алғысын білдіреді.