Отрасли
Обсуждения
Новость

XIХ Республикалық «Ақыл-ой Одиссеясы» сайысы
Жарайсыңдар, балақайлар!
2014 жылдың 25-31 наурыз аралығында білім ордамыздан XIХ Республикалық «Ақыл-ой Одиссеясы» (Odyssey of the mind) сайысына қатысу мақсатында Алматыға аттанған төрт топтың да қоржындары жүлделі орындармен толы оралды. Еліміз бойынша 48 команданың ішінен біздің балалар бәйгеден оза шауып, жүзден жүйрік атанды. Мектебіміздің ғана емес, елорданың мәртебесін көтеріп қайтты.

Бастауыш сынып мұғалімдері Бастемова Светлана Сулейменқызының жетекшілігіндегі «Астана толқыны», «Перекресток», «Орда ұландары», Темиргалиева Айжан Қайырбекқызының «Нұр тайпасы» І орынды иеленіп қайтты. Сонымен қатар 1 «Д» сынып бүлдіршіндерінен құралған «Орда ұландары» тобы бірінші дивизион бойынша ең жоғары ұпай жинап, ерекше «Ең үздік команда» атағына иеленіп, медальмен марапатталды.
Алматының Алатау бөктеріндегі көз тартар әсем табиғатында оқушыларымыз көктемгі демалыстарында әрі демалды, әрі бақтарын сынады. Спонтанды және ұзақ мерзімді мәселелерді шешу барысында мектеп оқушылары әділқазылар алқасының таңдайларын қақтырды. Жан-жақтан келген басқа топтармен достық қатынас орнатты. Жүлделерге оранған оқушылардың қуанышы мен әсерлерінде шек жоқ. Қанжығаларына төрт бірдей орынды байлап келген оқушылар мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтап, өнерлерің өрге жүзсін демекпіз!