Отрасли
Обсуждения
Новость

Саяси қуғын – сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды – мұражай кешеніне саяхат
Бүгінгі жас ұрпақтың өткенін саралап, келешегіне кемел көзқарас танытуына мектептегі тәрбиенің рөлі өте зор. Соның бірі мұражай сабақтары болып саналады. Біздің мектебімізде мұражай сабақтары жиі ұйымдастырылу дәстүрге айналған. Мәселен соның бір айғағы 9 сынып оқушыларының Астанадан 17 шақырым жерде орналасқан Ақмол поселкесіндегі «АЛЖИР» (Ақмола Отанын сатқандар әйелдерінің лагері) саяси жазалаулар мен тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешеніне баруы болып отыр.
Оқушылар бұл мұражайды аралап, өздерінің ата-бабаларының тарихына көз жүгіртті. Әрбір сурет өз заманынан оқушыларға сыр шерткендей болды. Мұражайдың 1-ші қабатындағыалғашқы бөлімінде «АЛЖИР» лагеріне әкелінген құрбандардың тізімі, соларға қатысты мағлұматтар,фотосуреттер орналасқан . Бастарынан қанша зұлымдықтың қиянатын көрсе де ,жарқын болашаққа сенген, еркіндікті, аңсаған армандарын темір тордағы көгершіндер бейнесі мен тастың өзін жарып шыққан гүлді бейнелеудің өзіндік мәні бар екенін мұражай қызметкері баяндап өтті. Бұл бөлімде оқушылар 1937-1938 жылдардағы саяси жазалаудың тарихи материалдарында көрініс тапқан мұражай мұрағаттары мен жазаланғандардың сондай-ақ Қазақстанға аударылған халықтар өкілдерінің тексеру істерімен танысты. Мұражайдың екінші қабатында орналасқан екінші бөлімінде оқушылар осы «АЛЖИР» лагерінде жазаланған Отанын сатқандардың әйелдері мен қыздары, әпкелері, қарындастары, аналары жайлы ақпараттарды дәлелдеп тұрған жеке заттары, фотосуреттерімен толыққанды танысып шықты. Бұл бөлімде оқушыларға заттай деректер көбірек көрсетілді. Сол оқиғаға байланысты жазылған шығармалдың авторларымен танысты. Бұл деректерді көріп болғаннан кейін оқушылар «АЛЖИР» саяси жазалаулар мен тоталитаризм құрбандарын еске алып, өз аналары жайлы айтылған өзге ұт өкілдерінің және Қазақстан азаматтарының бейнефильмін көрді. Бұл оқушыларға өте үлкен әсер берді.Оқушылар бейнефильмде құрбандардың балаларының өз ауыздарынан естіген сөздеріне куә бола отырып,көздеріне еріксіз жас алды. Бұл оқиға ешқашан ұмытылмайды да, ешқашан ұмыт қалмайды. Оқушыларымыздың мұражайға белсене отырып баруы- соның бір айғағы.