Отрасли
Обсуждения
Новость

Жалпықалалық сенбілік күні
19 сәуір – жалпықалалық сенбілік күні №52 мектеп-гимназиясында мектеп ауласына музыка ойнатылып оқушылар сапқа тұрғызылды.
19 сәуір – жалпықалалық сенбілік күні №52 мектеп-гимназиясында мектеп ауласына музыка ойнатылып оқушылар сапқа тұрғызылды. Жиынды тәрбие ісі орынбасары Л.Аппазова ашып, оқушыларға сенбілікке атқарылатын тапсырма берді. Келесі құттықтау сөз оқу ісі орынбасары Қ.Нұртаеваға берілді. Бірінші аусым 8-11 сыныптардан және екінші аусым 5-7 сыныптардан мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері, барлығы 638 адам сенбілікке шықты.
Алматы аудандық әкімдігінен ағаш көшеттері әкелінді. Сенбілікке қажетті құрал-саймандар әзірленді. Сенбілік барысында мектеп ауласындағы ағаш түптері қопсытылды, әктелді. Қоқыстар арнайы орынға төгіліп, тиеліп әкетілді. Аула сыпырылды. Гүл егетін орындардың топырағы қопсытылды. 11 сыныптар үшін аллея орны бөлініп, көшеттер отырғызылды.
![]() |
![]() |