Отрасли
Обсуждения
Новость

Ғашықтар күні
15 сәуір – ғашықтар күні болып аталғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Десе де, соңғы 2-3 жылда еліміздің түпкір-түпкірінде жастар бұл күнді елеусіз қалдырмай, тойлап жатады. Биыл да міне, махаббаттың символына айланған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне арналған іс-шара біздің де мектеп қабырғасында аталып өтті.
15 сәуір – ғашықтар күні болып аталғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Десе де, соңғы 2-3 жылда еліміздің түпкір-түпкірінде жастар бұл күнді елеусіз қалдырмай, тойлап жатады. Биыл да міне, махаббаттың символына айланған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне арналған іс-шара біздің де мектеп қабырғасында аталып өтті. Ғашықтар күніне арналған мерекелік шараны ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Токумова Мариаш Қайроллақызы мен 11 В сынып оқушылары. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды әдеби құндылықтарды бағалай білуге, ол арқылы адамгершілікке, асыл қасиеттерге тәрбиелеу, балалардың этикалық, эстетикалық талғамдарын дамыту. Кештің жүргізушілері Жәңгір хан мен оның сүйіктісі өз сарайларында бал ұйымдастырып, оған әр халықтың ғашықтарын шақырды. Кешті Қорлан-Естай бастаса, оны Ромео мен Джульетта, одан кейін И.С.Тургенев пен Полина Виардо, ал соңында Н.П.Резанов пен Кончита жалғастырады. Кеш төрт тілде жүргізілді: қазақ, орыс, ағылшын, француз. Бұл да болса мектебіміздің артықшылығы, яғни біздің мектептің оқушылары 4 тілді меңгеріп шығады. Аталып өткен кейіпкерлердің ойынынан басқа, кеште қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде ән шырқалды. Мерекелік іс шараға қатысқан оқушылардың барлығы сахнаға шығып, жұп-жұбымен би билеп, кештің соңы балмен аяқталды.