Отрасли
Обсуждения
Новость

Құттықтаймыз!
2014 жылдың 21 сәуір күні №69 мектеп базасында Астана қаласы Білім басқармасының
2014 жылдың 21 сәуір күні №69 мектеп базасында Астана қаласы Білім басқармасының қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік кабинеті жас мамандармен тәжірибе алмастыру мақсатында қазақ тілінде оқытатын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін «Ұстаз болу-жүректің батырлығы» атты жас мамандардың қалалық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
⦁ Жас мамандардың беделін көтеру және оларды ынталандыру.
педагогтың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін және оқытуда қазіргі әдістерді қолдана білуін анықтау.
Байқаудың міндеті:
⦁ Қалалық деңгейде өз әріптестері арасында іс-тәжірибесімен бөлісу;
⦁ Үздік педагогикалық тәжірибені жинақтау;
⦁ Жас мамандардың жаңашыл тәжірибелеріне қолдау көрсету,
⦁ Жас мамандардың шығармашылық әлеуетін ашу және басылымдарға жариялауға қолдау көрсету;
⦁ Кәсіби педагогикалық шеберлігін өсіру;
Жас маманға көмек көрсету;
Конкурсқа қатысушылар
⦁ Конкурсқа еңбек өтілі 1 жылдан 5 жылға дейінгі жас мамандар.
![]() |
Осы 9 мұғалімнің ішінде біздің мектебімізден Ібікен Әйкерім Болатқызы болды.Жарыс соңында Әйкерім Болатқызы ІІІ орынға ие болды.
Төмендегі суретте Білім басқармасының әдіскері Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызымен бірге марапаттау кезінен
![]() |