Отрасли
Обсуждения
Новость

Мектепбімізде «Бақытты балалық» атты апталық басталып кетті!
«Астана қаласының Ішкі істер департаменті» ММ Әкімшілік полиция басқармасы 2014 жылғы 18 сәуірдегі №5-5/5-56-523 – и хатына сәйкес үстіміздегі жылдың 22-26 сәуір аралығында «Бақытты балалық» атты акциясы үндеуімен өткізіледі.
«Астана қаласының Ішкі істер департаменті» ММ Әкімшілік полиция басқармасы 2014 жылғы 18 сәуірдегі №5-5/5-56-523 – и хатына сәйкес үстіміздегі жылдың 22-26 сәуір аралығында «Бақытты балалық» атты акциясы үндеуімен өткізіледі.
Іс – шараның басты мақсаты – суицидтік мінез – құлықтың, қорқытып алушылықтың, кәмелетке толмағандарға қатысты cексуалдық сипаттағы зорлық фактілерінің профилактикасы, оларға жағдай жасаған шарттар мен себептерді уақытылы анықтау.
Осыған орай, Астана қаласы №49 мектебінде «Бақытты балалық» акциясын жүзеге асыру жоспары жасалып, мектеп директорымен бекітілді. 14-18 жастардың жасөспірімдердің депрессия күйін анықтау мақсатында Шкал әдісімен Бека бойынша диагностикалық сауалнама өткізу, Нарколог мамандарымен «Біз есіркіге қарсымыз» тақырыбында,Салауатты өмір салтын үндеу мақсатында қыз балалармен «Жүктіліктің алдын алу» тақырыбында денсаулық сақтау дәрігерлерімен , «Жасөспірімдер арасында боспалаудың алдын алу» тақырыбында Сарыарқа Ішкі Істер бөлімінің прокурорының басты көмекшісімен 7-11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізу шаралары жоспарда бекітілген.
Осы жоспарған сәйкес 24 сәуір күні Нарколог мамандарымен «Біз есіркіге қарсымыз» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуде медициналық – әлеуметтік реабилитация орталығынан дәрігер нарколог Казбаева Эльмира Габиденовна «Біз есіркіге қарсымыз» тақырыбында дәріс оқып, өзімен бірге әкелген видео – роликтерін мектеп оқушыларына көрсетті. Наркомандардың қанша өмір сүретіні, денсаулығына қалай әсер ететіні, әлеуметтік – материалдық жағдайының өзгеретіні туралы сөз қозғады. Өмірде кездесетін жасөспірімдердің есірткіге душар болып, дұрыс жолдан тайғандығы туралы айтып, оқушыларды дер кезінде есірткеден бас тарту жолдарын айтып өтті. Оқушылар өздерін мазалайтын сұрақтарын қойып, дәрігерден кеңестерін алып жатты. Мектеп тарапынан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Н.Сералина, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.А.Разиева, мектептің инспекторы А.М.Амрина, әлеуметтік педагог З.Х.Искакова және 8-9 сыныптарының сынып жетекшілері қатысты.
24 сәуір 2014 жылы «Біз есіркіге қарсымыз» тақырыбындағы дәрігер наркологпен кездесудегі видео - бейне
24 сәуір 2014 жылы «Біз есіркіге қарсымыз» тақырыбындағы дәрігер наркологпен кездесу
24 сәуір 2014 жылы «Біз есіркіге қарсымыз» тақырыбындағы дәрігер наркологпен кездесу
24 сәуір 2014 жылы «Біз есіркіге қарсымыз» тақырыбындағы дәрігер наркологпен кездесу