Отрасли
Обсуждения
Новость

Ұлы Жеңіске биыл 69 жыл толуына орай ұйымдастырылған ардагерлермен кездесу кеші отті.
Ұлы Жеңіске биыл 69 жыл! 2014 жылдың сәуірдің 25-ші жұлдызында бүгінгі бейбіт өмірге қол жеткізген, ашық аспанның астында көк туымызды еркін самғатып фашистермен отан үшін жан аямай шайқасқан ұлы ардагерлермен «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақаталады» атты кездесу кеші өтті. Кештің арнайы қонақтары ерлігімен келер ұрпаққа аңыз болған 1. Әбенов Әлім ардагер, 2. Байкешев Ырзағұл ардагер, 3. Кәрімов Жүнісбек ардагер, 4. Мұхамедияров Досмадияр ардагерлер. Кеш барысы бүгінгі мамыражай тыныш өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп еске алу рәсімімен ашылды. Соғыстың сұрапыл күндерін еске түсіріп, оқушыларымыздың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берген ардагерлер майдан шебіне аттанып, жаумен бетпе-бет келген шайқастарын баяндап берді. Жеңісті күннің жалауын желбіреткен асыл ардагерлерімізге алғыс айтқан оқушылардың, әсем әуенге толы ән-жыр шумақтары мен мектебіміздің ұлағатты ұстазы Мұқанов Қадырғазы Қамалұлының «Жас қазақ» термесі жүрекке мақтаныш сезімін ұялатты. Шыңғыс Бейсеновтың «Жеңіс күні» әнімен аяқталған кеш соңы ардагерлерімізбен естелікке суретке түсумен жалғасты. Кейінгі ұрпақтың тарих парақтарынан сыр болып шертілетін бүгінгі күннің ұлы ардагерлерімен өткен кездесу кешін, ешкім де ешқашан ұмытпауға тиіс. Өйткені, жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсеткен батыр ата-апаларымызды тарихтың қай тұсында болмасын тағзым етіп, олардың алдында құрмет көрсету бүгінгі, келер ұрпақтың борышы!

|
|
|
|
|
|
|