Отрасли
Обсуждения
Новость

Президент мұражайында
07.04.2014 ж. 5 "Ә" сынып оқушылары Тұңғыш Президент мұражайына барды. Оқушылар осы танымжорықтан алған әсерлерімен бөлісті.
07.04.2014 ж. 5 "Ә" сынып оқушылары Тұңғыш Президент мұражайына барды. Оқушылар осы танымжорықтан алған әсерлерімен бөлісті.
Тұңғыш Президент мұражайында
Бүгін біз , 5 «Ә» сынып оқушылары, сынып жетекшімізбен бірге тұңғыш Президент мұражайында бардық. Ол жер біз үшін өте қызықты болды. Мұражайда біз Елбасымыз туралы тереңірек таныстық. Мұражайдың ішінде бірнеше залдар бар екен. Олар:алтын зал,күміс зал, күмбез зал. Алтын залдың іші алтын түстес болса, күміс залдың іші күміспен көмкерілген. Біз жан-жағымызға қарап, басқа бір өмірге кіріп кеткендей болдық. Әсіресе таң қалғанымыз Біздің Елбасымыздың алған медальдары. 30 елден алған марапат тек біздің Президентімізде ғана бар. Соның ішінде Араб мемлекетінен алған медалі .Барлығы алтыннан жасалған, өте ауыр шамамен 5 кг алтын болуы мүмкін. Және күмбез залда Елбасымыздың талай жиналыстарда отырған дөңгелек үстелін көріп, бәріміз оны айнала қарап шықтық, күмбез залдың ерекшелігі төбесі шаңырақ тәрізді.
Мен өзім Елбасымыздың тұңғыш мұражайынан үлкен әсер алдым. Осындай танымжорыққа көбірек барсақ екен деген ойдамын. (Таупбай Аяулым)
Мұражайда мен көптеген тарихи заттарды көрдім және тарихи әңгімелерді тыңдадым.Біз Н.Ә.Назарбаевтың әке-шешесінің фото-суреттерін, Елбасының мектепте оқыған кездегі табелін көрдік.Біздің Президент балаларға үлгі болатындай барлық сабақтарын беске оқыпты. Мен сол үшін де Елбасын қатты құрметтеймін. Сонымен бірге Н.Ә.Назарбаевтың қолданған заттарын көріп тамашаладық. Елбасының қолданған заттарын, қазақ батырларының қолданған қылыштарын көрдік .Қылыштар күмістен ,мүйізден жасалған,асыл тастармен әшекейленген.Маған әсіресе Алтын адам ұнады. Ол таза алтыннан жасалған.
Мұражайдың іші өте кең, әрбір қабатында бірнеше залдар бар. Біздің сыныптың оқушыларына бұл танымжорық өте ұнады. Мұражайдың бірінші қабатына түскенде біз сынып жетекшіміз және танымжорықшы апаймен бірге фотоға түстік. Бұл танымжорық маған қатты ұнады. (Парманова Айдана)
Біз сыныбымызбен 07.04.214 жылы тұңғыш Президент мұражайында болдық.Сол мұражай 2004 жылы 28 тамызда Президенттің қол қоюымен ашылды. Оның ішінде Елбасымыздың бала күнінен бастап бүгінгі күнге дейінгі өмір жолы, атқарған қызметтері туралы көптеген мәліметтерге қанық болдық. Тұңғыш Президент мұражайына туристер, студенттер мен оқушылар келіп, оның өмірбаянын біліп шығады.Бәрімізге мұражай қатты ұнады.Апайымыз осындай жерлерге көбірек апарса екен... (Алиханова Нұрай)