Отрасли
Обсуждения
Новость

Астанада Отан қорғаушылар күніне орай әскери-жауынгерлік шеру өтті
Отан қорғаушылар күні Астанада ерекше сән-салтанатпен өтті. Сайдың тасындай тізілген сарбаздар таңертеңнен сап түзеді. Еліміздің қарулы күштерінің Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін паш етуге арналған шеру «Қазақ елі» алаңында өтті. Әскери-жауынгерлік шеруді Елбасы, ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келіп көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті, ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы:
Тәуелсіздік жылдарында еліміз кәсіби армия құрды. Ел мүддесіне толығымен сай келетін әскери доктринасын қабылдады. Бүгінгі қасиетті жеріміз көкте де, жерде де, суда да сенімді қорғалған. Еліміздің армиясы нағыз бес қаруы сай армия. Бүгінгі әскери шеру осының дәлелі болса керек.