Отрасли
Обсуждения
Новость

3 Б сыныбында өткен жиын
№ 65 мектеп-гимназиясында 7-сәуір – 7-мамыр аралығында экология айлығы өтті. Осы кезеңде бастауыш сыныптары арасында жиын өтті. Жиынды 3 «Б» сыныбының оқушылары өткізді.
№ 65 мектеп-гимназиясында 7-сәуір – 7-мамыр аралығында экология айлығы өтті. Осы кезеңде бастауыш сыныптары арасында жиын өтті. Жиынды 3 «Б» сыныбының оқушылары өткізді. Сыныпы жетекшісі Иманкалиева Сагила экология жайында түсінік берді. Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлар шиеленісе түсуде. Оның көптеген себептері бар. Негізгі факторлар көбінесе адамның іс-әрекетінен туындап отыр. Ең басты мәселенің бірі – жер шарындағы халық санының артуы. Жер шарындағы халықты азық-түлікпен, жылу энергиясымен, киім-кешекпен, т.б. материалдық жағдайлармен қамтамасыз ету үшін қаншама табиғат ресустары қажет. Оның үстіне, ХХ ғасырда адам ғылым мен техниканы игеру жағынан да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетіп отыр. Әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адамдардың денсаулығына орасан зор зиян келтіруде.
Сынып оқушылары экология байланысты өлеңдер оқып, экологияның маңызын айтты. Жиында ойындар ұйымдастырылып, қызықты сұрақтар қойылды.