Отрасли
Сообщества
Новость
«Шоқан – шығыстың мәңгі өшпес жарық жұлдызы»
№44 ОМ «Шоқан – шығыстың мәңгі өшпес жарық жұлдызы»
қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті
№44 орта мектебінде Шоқан Уәлихановтың 178 жылдығына орай Интернациональный ауылдық әкімдігі және ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Шоқан – шығыстың мәңгі өшпес жарық жұлдызы» ғылыми-тәжірибелік қалалық конференция болып өтті.
Конференция Шоқан мұрасын жан-жақты хабардар ету, өмір сүрген қоғамдық әлеуметтік кезеңмен жас ұрпақты таныстыру; Шоқанның өміріне, шығармашылығына оқушылардың қызығушылығын оятып елжандылық, эстетикалық және ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында өтті.
Шараға арнайы шақырылған қонақтар: шоқантанушы, публицист, ғалым Назарбек Қанафин, «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрайымы және Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің мүшесі Қоразова Майра Әлімханқызы, Астана қаласы Білім басқармасының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызы, ардагер ұстаз Касенова Балкен Қыстаубайқызы, сонымен қатар, ауыл ақсақалдары мен мектеп оқушылары да қатысты. Мерекені мектебіміздің домбыра ансамблі күмбірлеген «Би-тойбастар» күйімен ашты.
Кешіміздің арнайы қонағы болған ғалым, шоқантанушы, публицист Назарбек Қанафин сөз алды. Ғалымның өз ғұмырындағы Шоқанның өмірі мен шығармашылығын зерттей отырып, Шоқандай ұлы тұлға сыйлаған қазақ халқының тарихын, құнды мұраларын, дәріптеп сол арқылы жас ұрпаққа, ұлтжандылық, елжандылық қасиеттерін бойына сіңіре білуге шақырды.
Оқушылар Шоқанның өміріне қызыққандықтары соншалық, танымдық ой толықтырар сұрақтар қойып, ғалымның ойынан шықты.
№44 орта мектебінің гуманитарлық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері дайындаған 5,7 сыныптар аралығында Шоқаннның балалық шағынан бастап, дүниеден озған жылдарына дейін әдеби-танымдық сазды бағдарламасын көрермендер көңіліне ұсынды.
Жалпы ұсынылған іс-шараның келер ұрпаққа берерінің мол екендігін, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда келер уақыттағы ғылыми бастаманың негізі екенін алға тартты.
Алматы ауданының Ардагерлер кеңесінің мүшесі ардагер ұстаз Касенова Балкен Қыстаубайқызы сөз алды. Шоқанның адами қасиеттерін тілге тиек ете отырып, ашылмаған, айтылмаған қырларын атап, оқушылардың Шоқан шығармашылығына қызығушылығын арттыра түсті.
Аталған конференцияға келген қонақтар алғысын білдіріп, осындай ғылыми іс-шара әлі де болса жалғасын тапсын деген тілек айтты.
Конференция соңы Нөсерова Раушанның орындауындағы «Қазақ осы» әуенімен мәресіне жетті.
№ 44 ОМ қазақ тілі мен әдебиет пәні
мұғалімдері Сейтжанова С.Б., Мекебай Н.