Отрасли
Обсуждения
Новость

«Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттау» ПЦК-ң апталығы
2014 жылдың ақпан айының 17-22 жұлдызы аралығында колледжімізде «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттау» пәндік циклының 2- апталығы өтті.
2014 жылдың ақпан айының 17-22 жұлдызы аралығында колледжімізде «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттау» пәндік циклының 2- апталығы өтті.
Апталық төңірегінде білім алушылардың таным белсенділіктерін, шығармашылықтарын арттыру мақсатында колледж оқытушылары түрлі ашық сабақтар мен сайыстар өткізді. Осы іс-шаралар арқылы білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтары мен құрметтерін ояту.
18.02.2014ж З. К. Мухатов ХЖқ-2 тобымен Ақпараттық технология және компьютерлік іс жүргізу пәнінен «Хабарламаға жауап қайтару және оны қайта жөнелту» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Зухрат Кашкенұлы білім алушылар үйге берілген тапсырманы слайдтар түрінде қойылды, жаңа тақырып өту барысында жас маман түрлі заманауи техникалық құрал-жабдықтарды пайдаланылды.

19.02.2014 ж. Г. Б. Каримова ХЖқ-2 тобымен «Өмірбаян» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ құрылымы жақсы ойластырылып, сабақ барысында интерактивті тақта мүмкінділіктерін қолданды. Сабақ барысында білім алушыларға видео көрсетілді.Жеке жеке сұрақтар жасырылды. Сабақты өте жақсы деңгейде өтті. Сабақ мақсатына жетті.

20.02.2014 ж. Р.А. Абдураимова 1-3 курс студенттерімен «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды жарыс өткізді. Мақсаты: Сабақта алған білімдерін пайдалана отырып, жеңіске жетуге ынталандыру.10 студент қатысты, оның ішінде бір ойыншыны таңдап алу үшін MyTest Student бағдарламасы арқылы тест қойылады. Ал екінші тапсырмада өтілген барлық тақырыптар бойынша презентация бойынша тест алынады.
Мұнда 3 жеңілдік бар:
1.50/50;
-
2.досынызға телефон шалу;
-
3.залдан көмек.
-
ХЖк-3 тобының студенті Сұлтанбек Жансұлу миллионды ұтып алды.

21.02.2014 ж. У. Хайса ОЕқ-3 жәнеТБқ-2 топ студенттерімен «Әлеуметтік желі» пікірталас өткізді. Студенттер екі топқа бөлінді: Агент және Антиспам. Пікірталаста қазіргі қоғамда болып жатқан жағдайлар талқыланды. Пікірталас жақсы деңгейде өткізілді.


21.02.2014ж 1-3 курс студенттер арасында Көрме өткізілді, тақырыбы «Студенттердің шығармашылық жұмыстары».
Жалпы алғанда апталық ойдағыдай, талпыныспен, шығармашылық жағынан жоғары деңгейде өтті.