Отрасли
Обсуждения
Новость
«Жаратылыстану-математикалық пәндері» циклының апталығы
Апталық 06 ақпанда сағат 10.50- ашылды. Апталықты салтанатты түрде Б. Адлетхан ашты. Ол апталықтың тақырыбы мен жоспарларын таныстырып, «Сен білесің бе?» ойынын көрермендерге ойнатты.
Апталық 06 ақпанда сағат 10.50- ашылды. Апталықты салтанатты түрде Б. Адлетхан ашты. Ол апталықтың тақырыбы мен жоспарларын таныстырып, «Сен білесің бе?» ойынын көрермендерге ойнатты.
3-ші ақпанда Бейсембина Р.Н. Пр-2 тобында «Карбоновые кислоты свойства и строение» тақырыбында химия пәнінен ашық сабақ өткізді. Оқытушы сабағында ТСО-ны еркін қолданып, түрлі химиялық тәжірибелерді демонстрациялық тұрғыдан көрсетіп, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындатты. Сабақта білім алушылар белсенділік танытып, алған білімдерін көрсете білді.
18-ші ақпанда оқытушылар Пусурманова А.А. мен Бейсембина Р.Н. бірлесіп екі тілде «Кәрім Мыңбаевтың өмірі мен шығармашылық ізденістері» атты ауызша журнал түрінде сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шарада Кәрім Мыңбаевтың өткен өмірі, балалық шағы, оқу және жұмыс істеу кезеңдері, зертеушілікпен айналысқан жылдары мен жетістіктері баяндалды. Жалпы іс-шара жақсы деңгейде өтті.
20-шы ақпан күні Пусурманова А. А. Ак-2 тобында «Крахмал» тақырыбында ашық сабақ өткізді, білім алушыларды деңгейлік тапсырмалар беру арқылы өзара бәсекелестік туғыза білді. Жалпы сабақ жоғарғы деңгейде өтті. Қорыта келгенде, білім алушылардың танымдық қабілетін дамыту және шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру оқытушы шеберлігіне байланысты. Сондықтан «жаратылыстану-математикалық пәндері» пәндік циклының айлығы жоғары деңгейде өтті деп есептеуге болады.