Отрасли
Новость
Ерлікке деген құрметпен
Өткен аптаның соңында колледжіміздің акт залында тәжік-ауған шекарасындағы «Казбат» бітімгершілік батальонының қайғылы жағдайға ұшыраған оқиғасына 18 жыл толуына байланысты кездесу кеші ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға «Казбат» жауынгерлері Шимпеев Асқар Рамазанұлы, Байбосынов Нұржан Сейітханұлы сынды азаматтар қатысты. Кездесу барысында жауынгерлер өткен оқиға жайында студенттерге толық мағлұмат беріп, қойылған сауалдарға толық жауап беруге тырысты. Бірақ қайғылы шайқаста мерт болған қандыкөйлек достары жайында естелік айту оларға да оңайға соққан жоқ. Өмір жолдары қарапайым болса да, өнегелі істері кейінгі ұрпаққа патриоттық тәрбие бергені сөзсіз.
Кеш соңында шақырылған арнайы қонақтарға колледж атынан бағалы сыйлықтар таратылып, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Қазыбекқызы Бақытгүл мен әскери дайындық пәнінің мұғалімі Махат Берік Жұмашұлы сөз алып, кездесудің маңыздылығын айтып, жиынды қорытындылады. Қатысушылармен бірге естелік суретке түсті.