Салалар
Талқылаулар
Новость

28 МАУСЫМ - Баспасөз, теледидар және байланыс қызметкерлері күні
1997 жылдың 28 маусымында «Баспасөз және басқадай бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң қабылданды. Міне 17 жылдан бері ол барлық қазақстандық журналистердің, телекоммуникация байланысы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі болып табылады.
1997 жылдың 28 маусымында «Баспасөз және басқадай бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң қабылданды. Міне 17 жылдан бері ол барлық қазақстандық журналистердің, телекоммуникация байланысы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі болып табылады. Ал әлемде БҰҰ Бас Ассамблеясы осыдан 21 жыл бұрын 3 мамырды Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні деп жариялаған. Баспасөз бостандығы мен көзқарас еркіндігі адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы бойынша бекітілген негізгі құқықтар екендігін халықаралық қауымдастыққа осы атаулы күн жыл сайын әйгілеп тұрады. Демократия негіздеріне сүйене отырып, әлем жұртшылығының өміріне нақты ықпал ететіндіктен де біз бұл құқықтарды қорғауға тиіспіз. БАҚ құралдарының тәуелсіздігіне көлеңке түсіретін жайттарды таразылау, дүниежүзілік баспасөздегі сөз бостандығының жағдайын саралау, қызмет үстінде қаза тапқан журналистерді ізетпен еске алу шаралары бұл күні әлемде кеңінен аталып өтеді.

