Салалар
Талқылаулар
Новость

2013-2014 оқу жылындағы жазғы мектеп жанындағы «Күншуақты жаз» атты сауықтыру лагерінің жүргізілген жұмыс есебі
Қазақ халықы-талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы-тұнған ғибрат өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың өміршең тәжірибесіне толы.
Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан-дүниесін жаңартып, рухани азық болып, соныда жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші.
Ұзақ уақыт бойы оқушылардың ой-санасының өсіп – жетілуі тек білім көрсеткішімен бағаланып келді. Нәтижесінде тамырын тереңге жаймаған, құнарсыз жерде өскен өсімдік болмысын бойына дарыта алмаған,ал өзінікін бағалап білмеген жас ұрпақ өсіп жетілді. Мұның салқыны бүкіл ұлт болмысынан көрініс тапты. «Бала тәлімі-құрсақтан» деген халық даналығын ескермеген кейбір әке-шеше тәлімдік мағынасы бар даналық сөздер мен өнегелі істерді отбасына дарыта алмады.
№ 55 орта мектептің 2013-2014 оқу жылындағы жазғы мектеп жанындағы «Күншуақты жаз» лагерінің жалпылама есебі. Мектеп жанынан ашылған жазғы сауықтыру лагері берілген жоспар бойынша III ауысым бойынша жұмыс жүргізді.
I-ауысым 02.06-12.06.,II –ауысым 13.06-24.06., III-ауысым 25.06-05.07.аралығында жүргізілді.
Мақсаты:
«Күншуақ» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа , адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.
Міндеттері:
- Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;
- Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;
- Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл- қозғалыс ойындарын бақылауға алу;
- Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;
- Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;
- Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;
- Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.
«Күншуақты жаз» лагері төмендегі күн тәртібі бойынша жұмыс жүргізді:
Таңертең 08.30 – 09.00 де балаларды қабылдау;
Лагерь балаларына жоспар бойынша қауіпсіздік ережелермен таныстырылып,тәрбиешілер өз міндеттерін қолға алды.
Тәрбиешінің міндеттері
▲ Балалардың тәрбиесін өмір қауіпсіздігін ұйымдастыруды жоспарлайды.
▲ Балалардың өзін-өзі жақсы сезінуі үшін жақсы жағдайды ұйымдастыра отырып әр күндік жұмыстар жүргізеді.
▲ Демалу мерзіміне көмек көрсете отырып күн тәрьібін орындауды ұйымдастырады.
▲ Мереке мерзіміне көмек көрсете отырып күн тәртібін орындауды ұйымдастырады.
Мектеп жанындағы лагердің есебі
№55 орта мектеп жанындағы орналасқан лагердің І аусымы 02.06.12 -12.06.13 ж. аралығында жұмыс жүргізді. Лагердің І аусымында бастауыш сынып оқушыларының 180 бала қамтылды. Оның ішінде 12 бала (тегін) ақысыз, 168 бала ақылы. Балалар 5 топқа бөлінді.
І топ «Жұлдыз» 25 бала топ тәрбиешісі: Карбаева А.Ильяшова А.
ІІ топ «Балапан» 25 бала топ тәрбиешісі:Бейсембаева Ғ.Шаяндина А.И.
ІІІ топ «Ақ көгершін» 25 бала топ тәрбиешісі: Садыкова Ж.Айдарбекова Ғ.А
IV топ «Жаңа ұрпақ» 25 бала тәрбиешілер: Уакбаева У.У.Рахимова М.
V топ «Балдырған» 25 бала тәрбиешілер: Бекмағамбетова Г.Т.Абишова Ф.Р
Музыка қызметкері Бегімбетов М.Б., дене шынықтыру қызметкері Ауезбаев М.Қ. 1-ауысым. Құсабаев С.2-ауысым бойынша, мед.қызметкері Марганова Қ.Қ. жұмыс істеді. Олар әр күні қызықты ойындар өткізіп қызықтыра білді. Балаларды лагерь өміріне баулыды.
Күнделікті жоспар
Уақыты |
Өткізілетін іс- шаралар |
Жауаптылар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
«Демаламыз , күлеміз Көңілді жазды сүйеміз». «Түрлі-түсті армандар» атты асфальтта сурет салу байқауы. Лагерьдің ашылу салтанаты. «Балаларды қорғау» күніне байланысты қалалық демалыс паркіне саяхат. |
Тулегенова Д. топ жетекшілері
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лагерь кезіндегі қауіпсіздік ережелері. / инструктаж / Азиапарк ойын- сауық кешеніне би кеші және мультфильм тамашалау. |
Тулегенова Д. топ жетекшілері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Ел рәміздері елдігімнің тірегі» атты тәрбие сағаты. Елбасы мұражайына саяхат |
Тулегенова Д. топ жетекшілері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Табиғат күні. «Қазақстан –алтын бесігім» атты патриоттық ойын. «Табиғатты аялаймыз қорғаймыз, Аясында серуен құрып ойнаймыз !» Спорттық ойындар.Мини футбол.эстафеталық ойындар |
Тулегенова Д. топ жетекшілері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ертегі күні «Әлем халықтар желісімен» оқушылар сарайында ертегі тамашалау. |
Тулегенова Д топ жетекшілері
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйірме күні. Әр түрлі тілде сөйлеп үйрену. Оқушылар сарайына саяхат |
Тулегенова Д Топ жетекшілері
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Денсаулық күні Дәрігердің кеңесі. «Сау тістерді қалай сақтап қалуға болады?» балалар дәрігері әңгіме жүргізеді. |
топ жетекшілері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Нептун күні. Планетариат оқушылар сарайына саяхат |
Топ жетекшілері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Суда жүзіп үйренейік!» Қазақстан спорт кешені «Дәмді және тез!» «Шеберлер елі» атты құмнан қала тұрғызу байқау. |
Топ жетекшілері мектеп асханасының аспазшысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лагерьдің салтанатты жабылуы. «Әнші,биші, күйші балапан » Күлкі күні «Мектептегі көңілді сәттер» топтық жарыстар. |
Тулегенова Д. Топ жетекшілері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
№ 55 мектеп жанындағы жазғы «Күншуақ » демалыс лагерінің ІІ – кезекті жұмыс жоспары.(13-24 маусым)
|
ІІІ – кезекті жұмыс жоспары.(25.06 -05.07)
Уақыты |
Өткізілетін іс-шаралар |
Жауаптылар |
«Біз ойнаймыз күлеміз, Күннің нұрын сүйеміз » атты ІІІ кезең лагерьдің салтанатты ашылу жиыны. С. Сейфуллин атындағы мұражайға саяхат |
Бейсембаев Ғ.Ф Айдарбекова Ғ.А Топ жетекшілері |
|
Есіл өзені жағалауы катермен тамашалау |
Топ жетекшілері |
|
Оқушылар сарайы ертегі тамашалау |
Барлық топ жетекшілері
|
|
Судағы ойындар. Бассейн. Алатау спорт кешені. |
Барлық топ жетекшілері |
|
Театр күні. Қуыршақ театры бізде қонақта. |
Барлық топ жетекшілері |
|
Кинотеатр « Синема – сити » |
Барлық топ жетекшілері |
|
«Суда жүзген сергітеді»Бассейн күні . Мини футбол, эстафеталық ойындар |
Барлық топ жетекшілері Құсабаев С. |
|
|
Азиапарк ойын-сауық кешені «Айдахарды қалай үйретем» мультфильм тамашалау. |
Тулегенова Д. Топ жетекшілері |
Бассейн күні. Аквапарк спорт кешені . «Ең үздік жаздық салат» конкурсы, |
Топ жетекшілері Ауезбаев М |
|
Лагерьдің салтанатты жабылуы. Астана күніне арналған іс шара |
Тулегенова Д. Топ жетекшілері |
Мектеп жанынан ашылған лагерьдің әр күнін тиімді өткізуге тырыстық. Мекеп директоры Казмуханбетова Жанат Талғатқызы лагерьдегі балалар үшін арнайы автобус бөліп берді. Арнайы автобуспен балалар күн ыстықта өздерін жайлы сезінді.
1 маусым күні «Бақытты балалық шақ» тақырыбында іс- шаралар ұйымдастырылып, лагердің ашылуына арналған салтанатты сап жиыны өткізіліп, «Халықаралық Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған іс- шараларды тамашалауға «Балалар мерекесі» атты көңілді ойындар өткізілді. Онда «Әр заттың өз орны бар», «Солтүстік полюс» атты көңілді ойындар, түрлі массалық билер, ертегі кейіпкерлерінің қызықты қойылымдары өтті. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.
Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Ойындар арасында мектеп медбикесі, мектеп психологы, кітапханашы, аға тәлімгер және дене шынықтыру мұғалімдері ат салысты. Мектеп медбикесі жеке бас тазалығына байланысты әңгімелер жүргізді, мектеп психологы оқушыларды тест, әңгімелесу және ойын арқылы балаларды бақылады, мектеп кітапханашысы оқушыларға әртүрлі қызықты ертегілерді оқып, әдеби кітаптарды оқуға баулыды. Мектептің аға тәлімгері оқушылармен таза ауада ойындар ойнап, би билеп, әртүрлі сайыстар жүргізіп отырды. Дене шынықтыру мұғалімдері спорттық іс – шаралар жүргізді. Күнделікті таңғы жаттығу флэшмоб музыкалармен билеуден бастайды.Балаларға таңғы жаттығудан көрі таңғы жақсы ән мен би көңілдерін көтеріп отырды.04 маусы ҚР.рәміздер күніне орай балаларды елбасы мұражайын тамашалауға саяхатқа шығардық.Онда балалар елбасы туралы көп мәлімет алды.
«Күншуақты жаз» сауықтыру лагері өз жұмысын қызықты жалғастыруда. Көңілді он күндігін артқа тастап, қызықты онкүндігімен екінші ауысымды да бастап кетті.
Әдеттегідей таңғы жаттығуды жасап болған соң екінші ауысымның ашылуы мектеп жанында әр топ балалары өз өнерлерін көрсетумен басталды.
Қызықты әр күн күнделікті ғажайып жерлерде жалғастырылуда. Алатау бассейніне шомылу мына аптап ыстықта балалар үшін өте қызықты болса Думан ойын-сауық кешеніндегі хайуанаттар бағы әр түрлі аңдарға толы болды. Ондағы алған әсерлерін сөзбен жеткізу қиынға соқты. Әрине жыландардың түрлері, әртүрлі маймылдарды қызықтағанымыз өте керемет. Осылай күндер жалғасуда. Тәрбиешілер балалардан күнделікті барған жеріндегі алған әсерлерін қағаз бетіне жазып отыруын талап етіп,күнделікті қадағалап отырады. Лагерьдің әр күнін қызықты өткізу біздің мақсатымыз.
Лагердің ІІІ аусымы 25.06.14 -05.07.14 ж. аралығында жұмыс жүргізді. Лагердің ІІІ аусымында бастауыш сынып оқушыларының 70 бала қамтылды. Оның ішінде 12 бала (тегін) ақысыз.
Балалар 2 топқа бөлінді.Әр топта 20 баладан.
І топ «Ақ көгершін», ІІ топ «Балапан» тобы болып бөлінді.
Әр топтатағы балалармен Садыкова Ж.Ускенбаева Р.М., тәрбиешілер жұмыс атқарды. Олар әр күні қызықты ойындар, кештер ұйымдастыра білді. Олар «Аквопаркке», «Балалар саябағына» саяхатқа шығарылып отырғызылды.
Спорттық сайыстар өткізілді.
«Қызықты киім үлгілері» сән сайысы өткізілді. Қыздар мен ұлдар өз ойынан шығарылған киім үлгілерін көрсетті.
«Менің сүйікті тәрбиешім» еліктеу сайысы да өткізіліп тәрбиешілерге қызық теңесулер беріліп отырды.Астананың мерей тойына «Астана балалық шақ, достық қалам» атты сурет сайысы өткізілді.
Әр күн соңында балалар қорытынды жасап отырды.
Ауысым соңында тәрбиешілер іс-шара жоспарын және альбомдар тапсырды.
Берілген жоспар бойынша барлығы 400 оқушы.Оның барлығы да барлық ауысымдарға бөлініп барды.
Нәтижесінде:
- Жазғы мектеп жанындағы «Күншуақты жаз» лагерінің жұмыс барысы жоспар бойынша өтіліп, өз деңгейіне жетті.
- Сурет, қолөнер, мақал-мәтелдер, жарысында балалардың шығармашылығы ұйымдастырылды.
- Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығы артты.
-Қаланың көрнекті жерлерін көріп, саяхаттап қайтты.
2013-2014 оқу жылындағы жазғы мектеп жанындағы лагерге ұсыныс:
- Әр бір топтағы балалар ойнайтын ойыншықтар мен құрастырмалы ойыншықтар көбірек болса.
Лагерь басшысы: Тулегенова Д.