Салалар
Талқылаулар
Новость

"Мектепке жол" акциясы
1 қыркүйектен бастап 7-ші жыл сайынғы «Балаларға мейірімділік сыйла» ұранымен «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы басталды. Акция 2014 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Екі ай ішінде білім беру жүйесінің қызметкерлері, ішкі істер және басқа да мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бизнес- құрылымдар көмегіне сүйеніп, балалар мен жасөспірімдердің тегін білім алуға және конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге, мектеп жасындағы балалардың оқумен толық қамтылуаны мақсатталған адамгершілік және қайырымдылық міндетті ісін жүзеге асырады. Осы шара әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармай қалуын алдын алу бойынша мемлекеттік, қоғамдық және жеке құрылымдар жұмысын біріктіреді. Акцияны өткізу және ұйымдастыру үшін білім беру ұйымдарының өкілдері, ІІД қызметкерлері, ата-аналар қоғамдастығы, денсаулық сақтау өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама үйлестіру, қоғамдық бірлестіктер, қала және аудан әкімшіліктері, БАҚ қатысады. Бұл қызмет PR-компаниялары арқылы пресс-конференциялар, жергілікті баспасөзде материалдарды басу, ақпараттық сайттарды құру, бильбордтарды, баннерлерді орнату, теледидарда сөз сөйлеумен сүйемелденеді. Жалпы білім беру мектептерінде және үлкен сауда орталықтарында мектептік-жазу құралдарын, киімді және аяқ киіміне мұқтаж болған оқушыларға гуманитарлық көмек беру бөлімдері қызмет етеді. Осы акция аясында әлеуметтік-қорғалмаған отбасылардың бірінші сыныпқа баратын балаларын салтанатты құттықтау ұйымдастырылады. Акция қорытындысы облыс, қала, аудан әкімшілік отырыстарында қарастырылады және үлкен материалдық көмек көрсеткен демеушілер марапатталады.
1 қыркүйектен бастап 7-ші жыл сайынғы «Балаларға мейірімділік сыйла» ұранымен «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы басталды. Акция 2014 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Екі ай ішінде білім беру жүйесінің қызметкерлері, ішкі істер және басқа да мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бизнес- құрылымдар көмегіне сүйеніп, балалар мен жасөспірімдердің тегін білім алуға және конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге, мектеп жасындағы балалардың оқумен толық қамтылуаны мақсатталған адамгершілік және қайырымдылық міндетті ісін жүзеге асырады.
Осы шара әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармай қалуын алдын алу бойынша мемлекеттік, қоғамдық және жеке құрылымдар жұмысын біріктіреді. Акцияны өткізу және ұйымдастыру үшін білім беру ұйымдарының өкілдері, ІІД қызметкерлері, ата-аналар қоғамдастығы, денсаулық сақтау өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама үйлестіру, қоғамдық бірлестіктер, қала және аудан әкімшіліктері, БАҚ қатысады. Бұл қызмет PR-компаниялары арқылы пресс-конференциялар, жергілікті баспасөзде материалдарды басу, ақпараттық сайттарды құру, бильбордтарды, баннерлерді орнату, теледидарда сөз сөйлеумен сүйемелденеді.
Жалпы білім беру мектептерінде және үлкен сауда орталықтарында мектептік-жазу құралдарын, киімді және аяқ киіміне мұқтаж болған оқушыларға гуманитарлық көмек беру бөлімдері қызмет етеді.
Осы акция аясында әлеуметтік-қорғалмаған отбасылардың бірінші сыныпқа баратын балаларын салтанатты құттықтау ұйымдастырылады. Акция қорытындысы облыс, қала, аудан әкімшілік отырыстарында қарастырылады және үлкен материалдық көмек көрсеткен демеушілер марапатталады.