Салалар
Талқылаулар
Новость

Абай атама
11 «А» сынып оқушысы Тілеулес Шапағат Қарсыбайқызы
Абай атама
Қазақтың қамы үшін қаншама тер төккен, жүрегі қазақ деп соққан, қазақтың бас ақыны Абай атамызға бүгінде 169 жыл толып отыр. Яғни, 10 тамыз күллі қазақ жұртшылығы үшін үлкен мереке. Бүгінгі жастар Абай атаны еш ұмытпайды. Оның өлеңдері мен қарасөздерін ойға түйіп, сүйіп оқиды. Сондай-ақ, менде өзімнің жүрегімнен шыққан маржан жырларымды Абай атама арнаймын:
Кемеңгер де, ойшыл да, ғұлама да,
Халыққа қасиетті әрі дана.
Ұйқасы әсем, мәнді де мағыналы,
Композитор, философ Абай ата.
Күнмен бірге бар әлемге нұрды шаштың,
Ұйықтап жатқан қазақтың көзін аштың.
Шығысқа Батыс ойын жалғастырып,
Халықтың жүрегінен орын таптың.
Өз халқыңа бәрінен де жақын болдың,
Адалдықты өлеңіңе арқау қылдың.
Ақыл, қайрат, жүректі бірге ұста деп,
Сабырлық, ізггілікті алға қойдың.
Сол жолыңды қуып келем бугінде мен,
Осы бала ақындықпен еш бөгелмен.
Табайық білім кенін, жөнін іздер,
Халқым үшін сен сияқты бәрін берем.
Абай ата өлеңдері шексіз дала,
Мағыналы, өзекті, жеке дара.
Әдепке де, халыққа да арналған,
Баға жетпес қазыналы асыл мұра.
Жүрегімнен жарып шыққан осы өлең,
Ұнаса арнау жырым саған деген.
Қолдасын Абай ата аруағы,
Батасы осы болсын маған берген.