Салалар
Талқылаулар
Новость

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі елбасымыздың мектеп оқушыларының толық мектепке баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау барысында осымен жетінші жыл қатарынан «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын өткізуде.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі елбасымыздың мектеп оқушыларының толық мектепке баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау барысында осымен жетінші жыл қатарынан «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын өткізуде.
Акция еліміздің барлық аймақтарында 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде өтеді. Ағымдағы жылы республикалық акция «Балаға мейірім сыйла!» осындай ұранмен бастау алды. Акция мақсаты – жағдайы төмен және көп балалы отбасынан шыққан балаларды, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз қалған балғындарды мектепке дайындау. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзін көресің» - деген екен дана халық.
Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі қасиеттерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Акциядағы басты міндет- мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.
Биылғы «Балаға мейірім сыйла!» ұранымен өткізіліп жатқан акция барысында жалпыға міндетті оқыту айлығы бойынша Білім және ғылым министрлігі, Балалардың құқығын қорғау комитетінің басшысы Забира Жандарқызының қолдауымен Астана қаласының тұрғыны, үш баланың анасы Жанмурзина Алтынай Алпысбайқызының отбасына мектепке қажетті оқу-құрал жабдықтармен және 120000 теңге көлемінде қаржылай көмек жасалынды.
![]() |
![]() |
Сонымен қатар, мектеп тарапынан жазғы-қысқы аяқ киімдер табыс етілді. Сондай-ақ, Астана қаласы әкімдігі тарапынан азық-түлік, мектеп формасы, күнделікті киетін киім-кешекпен көмек беріліп, қызмет орнынан баспанамен қамтамасыз етілді. Жыл сайын осындай аз қамтылған отбасыларға қол ұшын созғандар жыл сайын артып отырғандығы қуантады.
![]() |
![]() |
![]() |
Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!
Бүгінгі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған мектеп басшыларына, қол ұшын беруге ат салысып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз.
Әлеуметтік педагог: Ібікен Әйкерім Болатқызы