Отрасли
Сообщества
Новость
«Ақбоз ат» атты шахматтан спорттық жарыс
2014 жылдың 6 қыркүйек күні мектебімізде «Денсаулық акциясы» шеңберінде «Ақбоз ат» атты шахматтан спорттық жарыс өткізілді. Жарысқа 5-6 сынып оқушылары қатысты.
Шахмат деген адамның ой-өрісін қозғайтын ойын түрі елімізде дамытылып келеді. Шахмат ойынынан әлемдік деңгейде жарыстар өткізіліп, нағыз шахматшылар анықталуда. Күшті емес, ойды қажет ететін осы ойынның ой шұңқыры да көптеп кездесіп жатады. Қарапайым тақтаның үстіндегі тастарды қолмен емес, оймен қозғалту үлкен шеберлікті қажет етеді.
2014 жылдың 6 қыркүйек күні мектебімізде «Денсаулық акциясы» шеңберінде «Ақбоз ат» атты шахматтан спорттық жарыс өткізілді. Жарысқа 5-6 сынып оқушылары қатысты. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ж.Кудековты төрешілік етуімен және директордың тәрбие жөніндегі орынбасарларының қадағалауымен шахмат жарысы өте тартысты, қызықты өтті.
Адамның ойын дамытатын шахмат ойынының ұмыт қалмауына ықпалын тигізетін осындай жарыстар болып тұруы керек. Алдағы уақытта мектепте шахмат клубын ұйымдастыру жоспарлануда.