Отрасли
Сообщества
Новость
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық кепілі – салауатты өмір салтын ұстану болып табылатыны бәрімізге белгілі. Осыған орай салауатты өмір салтын ұстану мақсатында, «Мен десаулығымды сақтаймын – өз-өзіме көмектесемін» деген ұранмен мектебімізде денсаулық күні аясында бірнеше іс-шаралар өтті. Іс-шараға мектеп ұстаздары мен оқушылары және ата-аналар белсенді қатысты. Аталған іс-шара бағдарламасы бойынша 8-11 сыныптар аралығында Республикалық олимпиялық жүгіру өтіп, оған жоғарғы сынып оқушылары белсенді қатысты. Мектеп психологтарының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі» атты тақырыпта отырыс өтті. Сонымен қатар 1-2, 5 сыныптар арасындағы «Әке, шеше және мен- спортшыл жанұямыз» атты сайыс, 7 сыныптар арасында ұлттық ойындар жарысы, 8-9 сыныптарының қыз балалар арасында баскетболдан жарыс, оқушылар мен ата-аналар арасындағы шахмат, тоғызқұмалақ, футбол ойындары, 1-11 сыныптар арасында кросс жарыстары белсенді түрде өткізілді.
Аталған спорттық жарыстарға мектеп ұжымы мен оқушылары белсенді қатысты. Барлық қатысқан командалар арнайы сыйлықтар мен мақтау қағаздарына ие болды.