Отрасли
Обсуждения
Новость
Қарттарым аман жүрсінші
Қарттар - халық қазынасы
Дүниеге келер бір рет,
Дария - кеуде, тас мүсін.
Құрыштан құйған құдірет
Қарттарым, аман- саумысың?
Даламның иісі бұрқырап, Қарттарым, аман-сау жүрші деп дархан даламыздың қазына қарттарын Сағи ақын жырлағандай, қашанда төрімізден қарттарымыз кетпеген халықпыз ғой. Дәстүр бойынша 1 қазан бүкіл әлемдік қауымдастық Халықаралық қарттар күні деп аталады. Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып есептеледі. Аталған мереке күні мектеп ұжымы да шарадан тыс қалмады.
«Қарттары бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз бар қазақта. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Ақсақалдарымыздың өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңестері, тәлім-тағлымдары ұрпақ үшін орны бөлек дүние. Қай заманда болмасын қоғамда қарияларға деген құрмет, ізет-ілтипат ерекше болған, олардың даналықтары мен өмірден түйген мол тәжірибесіне ден қойып отырған. Жалпы айтқанда, қарттардың отырған жері бір береке ғой, шіркін! Сол кісілердің арқасында осындай тыныш заманда өмір сүріп отырғанымызды кейінгі ұрпақ білсе деген ізгі тілегіміз бар.
«Өткен менен кеткенді көп жасаған қарт білер» демекші, осы қарттар күні біздің мектеп ұхымының назарынан тыс қалмады. Мектеп ұстаздар мен оқушылары қарияларымызды құттықтап, мереке күні ақсақалды әта-әжелердің үйлеріне барып ізгі тілектерін айттып, ата-әжелеріміздің батасын алып қайтты.
«Аллаһ разылығы - ата-ана разылығында, Аллаһтың ашуы – ата-ананың ашуында жатыр», - деген. Сондықтан ақсақалдарымыздың қадіріне жетіп, құрметтейік, бас иеиік, өмір бойы борыштар екенімізді ұмытпайық!