Отрасли
Обсуждения
Новость
Құрбан айт, қабыл болсын !
Құрбан айт мерекесінде Аллаға құлшылық етіп, құрбандық шалып, асыраушысынан айырылған жандарға көмек көрсету - әрбір мұсылманның қасиетті парызы.
Мектебімізде қазан айының 4-6 күндері аралығында қасиетті құрбан айт мерекесі аталып өтілді. Негізгі мақсат келешек ұрпақтың өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастырып, гүлденіп-өркендеп өсуіне зор үлесін қосып, бала жүрегіне имандылық нұрын сеуіп, адами құнды қасиеттерді қалыптастыру. Мұндай келелі іске аз қамтылған, жетім, ата-ана қамқорлығысыз қалған оқушыларға қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, белсенділік танытқан мектеп мұғалімдері Искакова Майраш Толеубекқызы, Айтмағамбет Дәмеш Өмірбекқызы, Смагулова Забида Кюконтаевна, Кудерина Шарбану Ағзамқызы, Саметова Әминә Ахмедьяровна, Бердалина Асемгүл Кабыкеновна және Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешетінің Бас имамы Жұманазар Өсерханұлы Садырханов. Барлық ниет еткен қауымға Алла тілектеріңізді қабыл етсін дей отырып, сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, отбастарыңызға береке-бірлік, татулық тілейміз.
Айттарыңыз қабыл болсын!