Отрасли
Обсуждения
Новость
Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!
«Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!» атты ұстаздар күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаздеген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың- деп Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, Астана қаласы № 24 орта мектепте 3-қазан күні «Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!» атты ұстаздар күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Сахна мерекелік кешке арналып безендірілді. Мерекеде ұстаздарға арнап ән салынып, би биленіп, арнау өлеңдер оқылып, әзіл де қойылды.Талантты оқушыларымыз ұстаздарының залға кіргеннен көңіл күйін көтеріп, ағалы – қарындастының рөлін сомдап шыққан жүргізушілер 10 сынып оқушысы Заңғар мен 4 сынып оқушысы Әдемі мерекені екі тілде әзілге толы, думанды етіп жүргізді. 1-сынып оқушыларынан 10-сынып оқушыларына дейін аяулы ұстаздарына өнер көрсетуден тартынған жоқ. 9-сынып оқушысы Айдын Ақжол пианинода тамаша әуен ойнаса, 10-сынып оқушыларынан құралған «ФБ» дуэті «Анашым» әнін гитарада орындап, күйші қызымыз Вазира домбырада «Көңіл толқыны» күйімен бар өнерлерін ортаға салды. Испан, қазақ биімен 5 және 7-сынып қыздары мың бұралды. Мерекелік іс шараға мектеп ардагерлері шақырылып, оларға да сый-құрмет көрсетілді. Мұғалімдер сонымен қатар, өз сый-құрметтерін ала келген қонақ қыздарымыздың «Хорезм» биін тамашалап, оқушылармен ойын ойнап, би де биледі. Мерекеде қазақ тілінде де орыс тілінде де әдеби монтаждар әзірленіп, мұғалімдерге гүл таратылып, кеш соңында зал шармен көмкеріліп, отшашу атылды. Оқушыларына дән риза болған ұстаздар қауымы ерекше көңіл күймен тарқасты.
Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!