Отрасли
Сообщества
Новость
«Мектеп пен отбасы ынтымақтастығын арттыру» деген тақырыпта жалпы ата – аналар жиналысы
17 қазан 2014 жылы С.Мауленов атындағы №37 орта мектепте Астана қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Мектеп пен отбасы ынтымақтастығын арттыру» деген тақырыпта жалпы ата – аналар жиналысы болды. Ұрпақтарымыздың тәрбиелі, тәрпітпі, білімді болуы үшін, оларды қоршаған ортаның да әсері үлкен. Ал жеке тұлғаның өмірінде отбасы ең басты рөл атқарады.
Жас ұрпақ әр түрлі кезеңдерден өзін-өзі дұрыс алып жүруі үшін мектеп пен ата-ана тығыз қарым-қатынаста болғаны жақсы. Ата-аналар жиналысына келген Ішкі Істер Министрлігінің құрметті ардагері, полиция полковнигі Рахимкулов Марат Мухамедьянович өзінің көп жылғы тәжірибесінен естеліктер айтып, жас ата-аналарға көмек көрсетті. Баланың достарына, үйдегі, сырттағы іс-қимылдарына жиі көңіл бөлуі керектігін баса айтты. Үйдегі тып-тыныш баланың сыртқа шыққанда адам танымастай өзгеруі, әр түрлі жат қылықтарға баруы жеке тұлғаны толық танымағандықтан болып жататынын өмір көрсетуде. Біздің ата-бабаларымыз «Қызым үйде, қылығы түзде» деп бекер айтпағанын білеміз. Бір сағатқа созылған жиналыстан ата-аналар көп мағлұмат, жақсы кеңес алып шықты деп ойлаймыз.